Мемлекет басшысы халыққа Жолдауында 2025 жыл – «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп атады. Қазіргі таңда, өңірде 28 колледж бар. Оның ішінде 19 колледжде 45 мамандық 49 біліктілік бойынша жұмысшы кадрларды даярлау жүзеге асырып келеді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында өткен брифингте облыстық білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Бағдат Бердәулетов айтты.

Аймақта студенттердің 35,7 пайызы жұмысшы мамандығы бойынша білім алып жатыр.
-Облыстық білім басқармасы Жолдаудан туындайтын тапсырмаларды жүзеге асыру мақсатында ағымдағы жылы аймақтағы техникалық және кәсіптік білім беру саласын дамытудың кешенді іс-шаралар жоспарын әзірлеуде. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 2025 жылы 9 сыныпты бітірушілердің жұмысшы және орта буын мамандықтары бойынша білім алуға ниетті жастарды 100 пайызтегін кәсіптік біліммен қамту жоспарланған болатын. Осыған орай, келесі жылға республикалық бюджеттен 2200 орын, жергілікті бюджеттен 3108 орын, барлығы – 5308 орын мемлекеттік тапсырыс бөлініп отыр, – деді Бағдат Бердәулетов.

 Бұл сала бойынша аймақ басшысының бастамасымен өңірде атқарылып жатқан жұмыстарға берілген баға десек қателеспейміз.
Асқарбек Темірбекұлы Премьер-министрге Президент жариялаған Жұмысшы мамандықтар жылы шеңберінде Қызылорда облысында кәсіптік-техникалық білім беру және кадрлар даярлау жүйесін трансформациялау бойынша атқарылып жатқан шаралардың жай-жапсарын баяндады. Өңірде 28 колледж жұмыс істейді, онда бүгінде 20 мыңнан астам студент білім алып жатыр, оның 5 мыңға жуығы жұмысшы мамандықтары бойынша оқиды. Оларды еңбек нарығының сұранысына сай маман етуге барлық жағдай жасалған.
2024-2025 оқу жылында облыстың барлық аудандарында 7 оқу-өндірістік комбинаты ашылды. Қысқамерзімді кәсіптік оқыту курстары 300-ге жуық адамды қамтыды. Алғашқы комбинат 2022 жылы қалалық мектеп-лицей базасында ашылған. Аспаз, тігінші, графикалық дизайнер және басқа да сұранысқа ие мамандықтар бойынша 164 маман бітірді. Алдағы уақытта тәжірибені кеңейту жоспарланып отыр.

Білім, ғылым, мәдениет және өнер саласының дамуы – өркениеттің өлшемі, қоғам дамуының басты көрсеткіші. Қазіргі таңда өңірімізде 62 қосымша білім беру ұйымы жұмыс істейді. Ондағы үйірмелерге 60 663 оқушы қатысады.
Жобаның құны – 2,4 млрд теңгені құрайды. 350 адамға дейін сыятын әлеуметтік нысан әртүрлі жастағы оқушылардың жан-жақты дамуына ықпал ететін, гидропоника, робототехника, өнеркәсіптік дизайн, телестудия сынды басқа да жаңа жабдықтармен қамтамасыз етілген.

БӨЛІСУ