Биыл Арал теңізіне шамамен 1 млрд м3 су жіберілді. Ел Президенті мен Үкіметтің қолдауымен дер кезінде жүргізілген келіссөздер нәтижесінде, биыл аймақта су тапшылығы орын алған жоқ. Осы жылдың басынан бері теңізге барлығы 2 млрд текше метр су түссе, оның 977 млн текше метрі вегетация кезеңінде жіберілді. Соның нәтижесінде Арал теңізіне 2020-2023 жылдары маусым, шілде, тамыз айларында орташа есеппен секундына 15 текше метр су түссе, биыл 70 текше метрге дейін су түсіп, теңіз суының көлемі едәуір ұлғайды.
2022 жылы теңіздегі су көлемі 18 млрд 500 млн текше метрге дейін азайған болса, биыл түскен судың көлемі 22 млрд текше метрге жетті.
Өздеріңізге белгілі, Сыр өңірінің экономикалық-экологиялық жағдайы, халқының тыныс-тіршілігі Сырдария өзенінің деңгейіне тікелей байланысты. Әлемдегі су ресурстары тапшылығы суға деген көзқарасты өзгертуде. Су ресурстарын неғұрлым тиімді пайдалану, су үнемдеу технологияларын енгізу, су жүйелерін цифрландыру, әсіресе, егін шаруашылығында күріштен басқа дақылдарды тамшылатып суару көлемін ұлғайту – бүгінгі күннің басты талабы.
Президенттің суды үнемдеу туралы тапсырмасына сәйкес, аймақта суды көп қажет ететін дақылдар көлемі оңтайландырылып, су үнемдеу технологиялары енгізілді.
Биыл су үнемдеу технологияларын пайдалану көлемі 4 мың 400 гектарға жеткізілді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 5 есеге артық (2023 жылы 872 гектар).
Шиелі, Қазалы, Арал аудандарында су үнемдеу технологияларын қолдану арқылы 3 ірі жоба іске асуда.
Су үнемдеу технологияларын пайдалану арқылы егіс еккен шаруа қожалықтарына су беру қызметтерінің құнын субсидиялау қағидаларына сәйкес су жеткізу тарифының 60%-ы субсидияланады.
Сонымен қатар инвестициялық субсидиялау қағидасы бойынша қолданылған су үнемдеу технологияларының жобалық сметалық құжаттамасына сәйкес құнының 50%-ы субсидияланады.
Тағы бір айта кетерлік жайт, Мемлекет басшысының бес жыл ішінде Арал теңізінің құрғаған 1 млн 100 мың гектар жеріне сексеуіл егу тапсырмасы бойынша жұмыстар жоспарға сәйкес жүргізілуде. 2021-2023 жылдар аралығында 544 мың 200 гектар жерге сексеуіл көшеттері егілді.
Биылғы көктемде 65 мың гектар жерге сексеуіл көшеттері отырғызылды. Қараша-желтоқсан айларында 211 мың гектар аумаққа ормандандыру жұмыстары жүргізіледі.
2025 жылы қалған 280 мың гектар аумаққа сексеуіл көшеттері мен галофитті тұқымдарын егу жоспарлануда (19,5 млн дана көшет, 218 тонна тұқым).
Қажетті сексеуіл көшеттерімен қамтамасыз ету үшін 150 гектар жерге уақытша 8 тұқымбақтар ұйымдастырылды. Сонымен қатар Дүниежүзілік банк арқылы 440,7 млн теңгеге көлемі 33,5 гектар аумақты құрайтын тұқымбақ салынды.
Облыс аумағында 4 қала және 230 ауылдық елді мекен бар. Барлық қалалар 100% ауыз сумен қамтылған.
Облыс тұрғындарын орталықтандырылған ауыз сумен қамту үлесі 98,4%-ды құрайды. Бүгінде орталықтандырылған ауыз су жүйесіне қосылмаған 26 ауылдық елді мекенде 7 мыңға жуық халық қоныстанған.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес аталған 26 елді мекенді 2025 жылдың соңына дейін сапалы ауыз сумен қамту мақсатында арнайы жол картасы әзірленіп, жоспарға сәйкес жұмыстар атқарылуда.
Жол картасы аясында 5 елді мекенді топтық су құбырына қосу, 5 елді мекенге су тұщытқышын орнату, 3 елді мекенде ішкі су жүйесінің құрылысы, 12 елді мекенді қазіргі жағдайда қалдыру, 1 ауылдан елді мекен мәртебесін алып тастау жоспарланған.
- Топтық су құбырына қосу: Арал ауданы; Ақбасты, Абай, Тоқабай (Су ресурстары комитеті арқылы іске асырылуда); Ерімбетжаға, Тастүбек (Құрылыс жұмыстарын қаржыландыруға 2025 жылға ӨҚМ-ге бюджеттік өтінім ұсынылды);
- Ішкі су жүйесін салу: Қазалы ауданы: Шәкен, Шилі, Сарбұлақ (Құрылыс жұмыстарын қаржыландыруға 2025 жылға ӨҚМ-ге бюджеттік өтінім ұсынылды);
- Су тұщытқыш орнату: Қазалы ауданы: Жұбан, Ажар, Бірлік; (Жұбан елді мекеніне су тұщытқыш қондырғысы орнатылып, қабылдау актісі ӨҚМ-ге ұсынылды, Ажар елді мекеніне мемлекеттік сатып алу жұмыстары аяқталып, 13 096 мың теңгеге «Қазалы Тұлпар» ЖШС-мен келісімшарт жасалды, Бірлік елді мекеніне су тұщытқыш қондырғысын орнату жұмыстарына мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде). Шиелі ауданы – Лесхоз, Ақтам (су тұщытқыш қондырғысын орнату жұмыстарына мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде);
- Қазіргі жағдайда қалдыру: Арал ауданы – Жіңішкеқұм, Сазды; Қазалы ауданы – Қожақазған, Мәдениет, Тапа, 101 разъезд, 102 разъезд, Шөлқұм; Қармақшы ауданы – Кекірелі, Шобанқазған, Ордазы Сарытоғай (Жергілікті қоғамдастықтың хаттамалары мен лабораториялық сынаманың оң қорытындылары ӨҚМ-ге қазіргі жағдайда қалдыру бойынша келісімге жолданды);
- Елді мекен мәртебесін алып тастау: Арал ауданы – Күршек; (оңтайландыру жұмыстары бойынша облыстық мәслихаттың шешімімен елді мекен мәртебесі алып тасталды). 2024 жылғы 11 жобаға (оның ішінде: 5 жаңа жоба, 6 өтпелі жоба) барлығы 2,7 млрд теңге қаржы бөлінді (оның ішінде РБ – 2,4 млрд теңге, ОБ – 0,3 млрд теңге). 2024 жылғы жобалар бойынша барлығы 88,3 шақырым ауыз су және су бұру желілеріне жаңғырту және салу жұмыстары атқарылуда.
2025 жылғы 28 жобаға барлығы 20,9 млрд теңгеге тиісті министрлікке бюджеттік өтінім ұсынылды.