2024 жылғы қаңтар айының қорытындысы бойынша Қызылорда облысы еліміз бойынша үздік аймақ атанды. Биылғы 9 айда әлеуметтік-экономикалық дамуды сипаттайтын негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер бойынша оң динамика қалыптасып, республика өңірлері арасында Қызылорда облысы «көшбасшылар» қатарынан көрінді. Өңірде бүгінде ауқымды жұмыстар жүргізілуде.
Экономика құрылымын әртараптандыру нәтижесінде өткен жылдан бастап облыс өңдеуші өнеркәсіп саласы бойынша республикада көш бастап тұр. Осы өңдеу саласында оң қарқынды сақтап қалу мақсатында биыл құны 10,7 млрд теңге болатын 13 жоба іске қосылатын болады. Оның бүгінде құны 8,2 млрд теңге болатын 6 жобасы іске қосылды.
Экономика салаларына инвестициялар тарту белсенді жүргізілуде. Биылға 517 млрд теңгенің инвестицияларын тарту межесі белгіленіп, оның бүгінде 82%-ы игерілді (424 млрд теңге). Өңірде өндірістік нысандармен қатар, әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым жобалары жүзеге асырылуда.
Биылдың өзінде өңірде 180,7 млрд теңгеге 341 жобаның құрылысы жүргізілуде. Бүгінде құрылыс жұмыстары көлемі бойынша да өңір «көшбасшы» позициясында тұр. Өңірде ірі әлеуметтік нысандар бой көтеруде. Мәселен, физика-математика бағытындағы 400 орындық мектеп-интернат, инновациялық шығармашылық орталығы, 300 орындық көпсалалы аурухана, Руханият орталықтары, 10 000 орындық орталық стадион, жабық бассейні бар көпсалалы дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынып жатыр. Тұрғын үй құрылысы саласында биыл барлық қаржыландыру көздерінен 863,9 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілетін болады. Осы жұмыстардың нәтижесінде 2024 жыл қорытындысы бойынша да оң нәтижеге қол жеткізіп, «көшбасшылар» қатарында қалу жоспарда бар.
Қызылорда облысында өңірлердің өсіп-өркендеуіне үлкен мүмкіндік беретін өндіріс орындары қарқынды дамып келеді. Алдағы бесжылдықта өңірде құны 1,1 трлн теңгені құрайтын 77 инвестициялық жобаны жүзеге асыру көзделген. Биыл іске қосылуы жоспарланған 21 жобаның (құны 31,6 млрд теңге) 11 жобасы іске қосылды (құны – 12,2 млрд теңге, 258 жұмыс орны).
Сонымен қатар жаңадан пайдалануға берілетін «Қорқыт ата» әуежайының жаңа терминалын дамыту үшін оның жанынан арнайы экономикалық аймақ құру мәселесі пысықталуда.
Сондай-ақ «Шалқия» кен орнында қуаттылығы жылына 4 млн тонна өнім өндіретін тау-кен байыту фабрикасы жобасына 5 жылға пайдалы қазбаларға қосылған құн салығынан босатылды. Ал 2022 жылы іске қосылған шыны зауытына жан жақты қолдау шаралары көрсетілуде. 2024 жылы тауарлық газдың құны 52,3 теңге/текше метрден 36 теңге/текше метрге дейін төмендеді, бұл өндірілген өнімдегі газ құны үлесінің төмендеуіне және компанияның тауарлық газға жұмсаған шығындарының азаюына септігін тигізді. Кәсіпорын биыл құны $15 млн құрайтын, жылдық қуаттылығы 5 млн шаршы метр энергия үнемдейтін шыны өндіру жобасын іске қосты. Одан бөлек, шыны зауытының айналасында шыны кластерін құру бағытында тиісті жұмыстар атқарылуда.
«Seven Rivers Technologies» ЖШС Horn glass неміс технологиясы бойынша жылына 220 млн бөтелке өндіру жобасына жер телімі бөлініп, жобалау жұмыстары жүргізілуде, құны – 31 млрд теңге.
«Айна Гласс» ЖШС қуаттылығы жылына 720 мың ш.м. айна өндіру жобасының құрылыс жұмыстары жүргізілуде, құны – 1,5 млрд теңге;
«Комфорт-1КЗ» ЖШС қуаттылығы 22,6 мың ш.м. шыны өндіру жобасы бойынша жер телімі берілді, құны – 5,5 млрд теңге.
- Одан бөлек, «Акса Энерджи» түрік компаниясы қуаттылығы 240 МВт құрайтын жаңа жылу электр стансасының құрылысын жүргізуде. Жобаға мемлекеттік қолдау шарасы ретінде ол кедендік баждан және қосылған құн салығынан босатылды. Бұл жұмыстар жоба бойынша жалпы 11 млрд теңге қаражат үнемдеуге көмектесті (кедендік баж – 4 млрд теңге, қосылған құн салығы – 7 млрд теңге).
- Катарлық инвесторларға қуаттылығы 1 100 МВт құрайтын бу-газ электр стансасын салу үшін 250 га жер телімі белгіленді. Жоба аясында «Қызылорда – Шымкент» және «Қызылорда – Жезқазған» бағыттарында электр желілерінің құрылысын салу көзделуде (Іске асырылу мерзімі – 2024-2029 жылдар, құны – $1,7 млрд)
- Корейлік With You E&C компаниясының құны $36 млн құрайтын қатты тұрмыстық қалдықтарды өңдеу жобасына 4 га жер телімі табысталды.
- Арал ауданындағы құм алқаптарын көгаландыру мақсатында қытайлық BGI Group компаниясымен өңір климатына төзімді өсімдіктер мен ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру бойынша келіссөздер жүргізіліп жатыр.
- Ресми статистикалық мәліметтерге сәйкес, 2024 жылдың 6 айында жалпы өңірлік өнім көлемі 1 300,4 млрд теңгеге жетіп, нақты көлем индексі 105,5%-ды құрады. Жан басына шаққандағы көлемі – 1 541,8 мың теңге.
- Жалпы өңірлік өнім көлемінде экономиканың негізгі салаларының үлесі төмендегідей қалыптасты:
- өнеркәсіп саласы – 30%,
- көлік – 9,5%,
- сауда – 9,3%,
- құрылыс – 7,1%,
- ауыл шаруашылығы – 2,9%,
- байланыс – 0,4%.