Облыстық перинаталдық орталығында бөлім меңгерушісі, акушер-гинеколог дәрігер қызметін атқарған Сулейменова Манушакар Аширбековнаны құрметті зейнет демалысына шығарып салды.

Мерейлі жас иесін құттықтаған бас дәрігер өз сөзінде көпке сыйлы, өмірін денсаулық сақтау саласына арнаған, пациенттердің ризашылығына бөленген, қызмет белесінен өтіп, демалыс кезеңіне жетіп отырған туған күн иесіне еңбек жолындағы өлшеусіз қызметтеріне алғысын білдірді.

Сулейменова Манушакар Аширбековна 1989 жылы қалалық перзентханада бастаған. 1990-1997 жылдар аралығында Сырдария аудандық ауруханасында акушер-гинеколог, патология бөлімінің меңгерушісі болып қызмет атқарған. 2001-2008 жж. «Казлепрозорий» мемлекеттік мекемесінде акушер-гинеколог қызметін атқарған. 2008 жылдан бастап кеңес беру диагностикалық бөлімінің меңгерушісі болып жұмыс жасаған, 40 жылға жуық еңбек өтілі бар акушер-гинеколог дәрігер.

Манушакар Аширбековна медицина саласында жасаған еңбегі еленіп денсаулық сақтау ісіне сіңірген айрықша еңбегі үшін ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің «Денсаулық сақтау саласының үздігі» төсбелгісімен, құрмет грамотасымен марапатталды.

Жиында саналы ғұмырын ана мен бала денсаулығына арнап, денсаулық сақтау саласының дамуына қосқан сүбелі үлесін айтқан әріптестері зейнеткерге ізгі ниеттерін жеткізіп, ілтипатын көрсетті.

БӨЛІСУ