Қызылорда облыстық аумақтық инспекция басшысының орынбасары И.Абдразаховтың төрағалығымен жиын өтті. Онда «Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығы» РММ-сінің 2024 жылдың 7 айында аткарған жұмысының қорытынды есебі тыңдалды.
«Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығы» республикалық мемлекеттік мекемесінің жалпы көлемі 163 126 гектар, күзет аймағы – 52 160,54 га құрайды.
Қорықта 7 айда «табиғат жылнамасы» бағдарламасы бойынша Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығының табиғи кешеніндегі құбылыстар мен процестерді зерттеу, Қызыл кітапқа енгізілген құстар мониторингі, қорықтағы құландардың популяциясы және олардың жай-күйі бойынша қорық аумағында бақылау-зерттеу жұмыстары жоспарға сәйкес жүргізілуде. Сондай-ақ, жиында қорықтың өзекті мәселелері мен алдағы міндеттері де талқыланды.
Айта кететін жайт, Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығында экологиялық туризмді дамыту мақсатында «Бутаков мүйісі» және «Құландар ізімен»экологиялық маршруттары жасалынды.
2024 жылғы қаңтар – шілде айлары аралығындағы мәлімет бойынша Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығы аумағына келушілер саны 130 адамды құрап отыр.
«Табиғат жылнамасы» бағдарламасы бойынша Барсакелмес МТҚ табиғат кешенінде жүріп жатқан құбылыстар мен процестерді бақылау; Арал теңізіндегі гидрологиялық ахуалдың және климатының өзгеруі жағдайындағы Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығы өсімдіктерінің динамикасы; Индикаторлық түрлер мысалында Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығының қосмекенділері мен бауырымен жорғалаушылары популяцияларының қазіргі таңдағы жай-күйі; Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығы құстарының индикаторлық түрлерінің мониторингі; Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығындағы құландар популяциясы және олардың жай-күйі т.б. тақырыптар бойынша ғылыми жетілдірілген жоспарлар жасалынып, игі істер атқарылуда.
Бүгінгі таңда Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығы Қазақстан Республикасының алдынғы қатарлы ерекше қорғалатын аумақтарының бірі болып табылады. Қорық өз қызметі барысында көптеген отандық және халықаралық ұйымдар: БҰҰ, Халықаралық Аралды құтқару қоры, Жапония тарапынан ұсынылып отырған «Шөптер тамыры» бағдарламасы, ЮНЕСКО-ның «Адам және биосфера» бағдарламасы, Қазақстан биоалуантүрлілігін сақтау ассоциациясы және т.б. ұйымдармен етене жұмыс жасаудамыз. Сондай-ақ Барсакелмес биосфералық резерваты ЮНЕСКО биосфералық резерваттарының әлемдік жүйесіне енді. Бұл Қазақстандағы ЮНЕСКО мойындаған 6-шы биосфералық резерват болып табылады.