Аудан көлемінде ағымдағы жылдың 17-19 қыркүйек күндері аралығында «Жасөспірім» ЖПІШ өткізді.
Ағымдағы жылдың 19 қыркүйек күні Қазалы аграрлы-техникалық колледж студенттерімен құқықтық сауаттылығын қалыптастыру, балалардың қатысуымен орын алатын жол-көлік оқиғаларының, жасөспірімдер арасындағы қылмыс пен құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында профилактикалылық кездесу өткізілді.
Іс шараға бөлімнің ЮПт-ның аға инспекторы полиция майоры М. Бегалиева қатысып, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу, түнгі мезгілде көшеде жүрмеу, электронды шылымның зияны және қоғамдық орында қолдануға тыйым салынғандығы, кәмелетке толмағандар арасында көлік жүргізбеу, алкогольді ішімдіктерді қолданбау керектігі жөнінде түсіндірілді.
Сонымен қатар іс-шара барысында жасөспірімдерді қылмыс пен құқық бұзушылық әрекеттерінен аулақ болуға және түнгі сағат 22.00 –ден кейін компьютерлік клубтарда, кафе барларда отыруға, сағат 23.00-ден кейін көшеде ата-анасыз жүруге тыйым салынғандығы ескертіліп, әр азаматтың міндеті-заң талаптарын бұзбау, оны бұзу – жауапкершіліктен құтқармайтындығы ескертілді.