Ақжарма ауылында 30 тамыз – ҚР Конституциясы күніне орай балаларға арналған ойын алаңы мен футбол алаңы пайдалануға берілді. Футбол алаңы мен балалар ойын алаңының құрылысы толық аяқталған. Ойын алаңының ашылу салтанатына аудан әкімі Б.Сәрменбаев, аудандық партия филиалының төрағасы Е.Әжікенов және аудандық мәслихаттағы партия фракциясының мүшелері қатысты.
Аталған ойын алаңдарын аудандық мәслихат депутаты, аудандық мәслихаттағы партия фракциясының мүшесі Бисенов Марат Алдабергенұлы өз қаражаты есебінен салған. Ойын алаңдарын салу депутаттың сайлауалды бағдарламасында көрсетілген.
Жастардың спортқа деген ынтасын арттыру үшін аудан орталығындағы спорт клубына жергілікті бюджеттен бөлінген 10 млн. теңгеге спорттық құрал-жабдықтар алынып, жақсы мүмкіндіктер жасалды.
Елді мекендерде спорттық нысандар салу кезең-кезеңімен жүзеге асуда. Жақын күндері құны
218,2 млн. теңгені құрайтынБесарық ауылындағы спорт кешені пайдалануға беріледі.
2024 жылдың 6 айында ауданда 55 спорттық жарыстар өткізілді. Ауданның барлық спортшылары осы уақытқа дейін Қазақстан чемпионатынан 67 медаль
(І орын –20, ІІ орын – 14, ІІІ орын – 33), Азия чемпионатынан6 медаль(І орын – 3, ІІ орын – 1, ІІІ орын – 2)жеңіп, аудан мерейін үстем етті.