Қызылорда облысында ірі есірткі алқабы жойылды.

“Қарасора – 2024” жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында ҚР ІІМ ЕҚҚІҚД және Қызылорда облыстық ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері бірлесіп, Сырдария ауданының далалық жерінде ірі есірткі алқабын анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Оқиға орнында 22 жастағы екі тұрғын ұсталды. Тексеру барысында жедел-тергеу тобы құрамында есірткі бар өсімдіктердің 1237 түбін анықтады. Полицейлермен оқиға орнында ірі есірткі алқабынан бөлек ыдыс-аяқтар, есірткі затын өсіруге және тұтынуға арналған құрал-саймандар: шланг, су айдауға арналған мотор, бензин, қапқа салынған тынайтқыш және патрондарымен 16 калибрлі қос ауызды тіркеуде жоқ аңшы мылтығы анықталды.

БӨЛІСУ