Қызылорда облысында «Ауыл аманаты» жобасының екінші кезеңі 12 тамыздан бастау алады. Бұл туралы бүгін онлайн-конференцияда «Байқоңыр» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының басқарушы директоры Мадали Әлішерұлы мәлімдеді.
Тұрғындардың әл-ауқатын арттырып, табысын молайтуға негізделген биылғы жобаның аймағымызда жүзеге асырылуына 4,6 млрд. теңге қаржы қаралып отыр. Осыған сәйкес, 575 жоба қаржыландырылып, 610 жаңа жұмыс орындарын ашу көзделуде.
Мемлекет басшысының бастамасымен халықтың табысын арттыру мақсатындағы «Ауыл аманаты» жобасына қатысуға сырдариялықтар белсенділік танытуда.
Өткен жылы аудан бойынша «Байқоңыр» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы арқылы 233,3 млн. теңгенің 23 жобасы қаржыландырылды.
Биылға «Ауыл аманаты» бағдарламасына аудан бойынша 2,7 млрд. теңгені құрайтын 444 жобажинақталды. Аталған бағдарламамен ауданға бөлінетін қаржы үлесі 335,3 млн. теңгені құрап, 27 жобаны қаржыландыру жоспарлануда.
Аталмыш ұлттық жобаны өңірімізде «Байқоңыр» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы жүзеге асыратын болады. Тамыз айының 12-нен бастап жоба аясында құжаттарды amanatnesie.kz порталы арқылы қабылдау басталды.