Бүгін ауданда Қазақстан теміржолының 120 жылдығына орай орнатылған ескерткіш белгінің ашылу рәсімі өтті.

Іс-шараға аудан әкімінің орынбасары Айдын Әнуар қатысып, саланың ардагерлері мен қызметкерлерін мерекемен құттықтады. Сондай-ақ, теміржолдың стратегиялық маңыздылығын, оның экономикалық өсімге тигізген әсерін атап өтті.

Ұзақ жылдар бойы теміржол саласында қызмет еткен еңбек адамдарына құрмет грамоталары мен алғыс хаттар табысталып, құрмет көрсетілді.

Аудан ардагерлері мерекелік құттықтауларын жеткізіп, теміржолда өткізген жылдарындағы қызықты оқиғаларынан естеліктер айтты.

Шара соңында Жосалы теміржол вокзалының бастығы Хамов Денис іс-шараға қатысқан азаматтарға ризашылығын білдіріп, алғысын жеткізді.

БӨЛІСУ