Аудан әкімі Б.Сәрменбаевтың төрағалығымен өткен Сырдария ауданы әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысының хаттамалық тапсырмасына сәйкес, жол қауіпсіздігін сақтау бойынша рейд жұмыстары өткізілді.
Күшейтілген профилактикалық шаралар жүргізу үшін аудан прокурорының міндетін атқарушы Ғ.Дүйсенбаевтың өкімімен құқық қорғау және жергілікті атқарушы органдармен арнайы жұмысшы топ құрылды.
Ағымдағы жылғы 10 шілдесінде жұмысшы топтың бекітілген аралау кестесіне сәйкес аудандық полиция қызметкерлерінің сүйемелдеуімен Тереңөзек кенті және Шаған ауылдық округінде профилактикалық рейд жұмыстары жүргізілді.
Нәтижесінде жол-патрульдік полиция қызметкерлерімен барлығы 30түрлі әкімшілік хаттама толтырып,оның ішінде 12 азаматтан дереу әкімшілік айппұлдың өндірілуі қамтамасыз етілді.
Сонымен қатар «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы»Қазақстан Республикасы Кодексінің 608-бабына сәйкес (жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру) Шаған ауылының тұрғыны Ж. есімді азамат автокөлікті масаң күйде басқарып жүргендігі анықталып, әкімшілік хаттама толтырылды.
Сот қаулысы қабылданғанға дейін уақытша ұстау изоляторына қамауға алынып, автокөлігі айыппұл тұрағына қойылды.
Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта өз жалғасын табатын болады.