Бүгін аудан әкімі Ардақ Ибраимовтың төрағалығымен аппараттық мәжіліс отырысы өтті. Мәжіліс отырысында 3 мәселе қаралды.

Ең алдымен облыс әкімінің және аудан әкімінің төрағалығымен өткен мәжіліс отырыстарындағы хаттамалық тапсырмалардың орындалуы баяндалды. Жоғарыда аталған мәселе бойынша хаттамалық тапсырмаларды уақытылы орындамаған жауапты сала басшыларына ескертпелер берілді. Сонымен қатар, атқарылған жұмыстардың сапасына аса мән беру қажеттігі ескертілді.

Мәжіліс отырысының екінші мәселесінде Жалағаш ауданы бойынша 2024-2025 жылдардағы жылу маусымына дайындық барысы талқыланып, тиісті тапсырмалар берілді.

Бұл ретте аудан әкімі Ардақ Ибраимов 2024 жылы жылу маусымына дейін М.Шәменов және Ақсу елді мекендеріндегі газдандыру жұмыстарын толықтай аяқтап, ел игілігіне пайдалануға беру қажеттігін айтты.

Ел Президентінің қолдауымен, үкімет басшысының және облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес елді мекендердің инфрақұрылымын арттыру мақсатында газдандыру жұмыстары жалғасын табады.

Күн тәртібінде халықты тұрақты жұмыспен қамту мәселесі қаралып, сала бойынша жауапты басшыларға жаңа жұмыс орнын ашу туралы қатаң тапсырмалар берілді.

Мәжіліс отырысында айтылған тапсырмалар мен ескертпелердің орындалуы сала бойынша жауапты аудан әкімінің орынбасарларына тапсырылды.

БӨЛІСУ