Бүгін Шиелі ауданында 9 шілде – Су шаруашылығы қызметкерлері күніне орай салтанатты жиын өтті. Шараға аудан әкімінің орынбасары Бағлан Сағындықов, «Қазсушар» Республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Шиелі сушар» өндірістік бөлімшесінің басшысы Дихан Әубәкіров, «Жиделі топтық су құбыры» өндірістік бөлімшесінің басшысы Асылбек Сәрсембаев және зиялы қауым өкілдері, сала ардагерлері, шаруа қожалық төрағалары мен сала мамандары қатысты.

Алғы сөз алған аудан әкімінің орынбасары су саласы қызметкерлерін, ардагерлерді кәсіби мерекемен құттықтап, су саласындағы атқарып келе жатқан ауқымды жұмыстары үшін алғыс білдірді.

Мұнан соң, бірқатар сала мамандарына облыс әкімінің алғыс хаты, ҚР АШ қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағының ІІІ дәрежелі «ЕҢБЕК ДАҢҚЫ» төс белгісі, ҚР Су ресурстары және ирригация Министрі Нұржан Нұржігітовтің Құрмет грамотасы, аудан әкімінің алғыс хаты, «AMANAT» партиясы Шиелі аудандық филиалының алғыс хаты, «Ел Құрметі» қоғамдық қорының төсбелгілісі табыс етілді. Сондай-ақ, 2024 жылғы 9 шілде «Су шаруашылығы қызметкерлерінің кәсіптік мерекесіне» орай Қызылорда облысындағы су саласы мекемелерінің арасында өткізілген шағын футбол турнирінде ІІ-орынды еншілеген «Жиделі топтық су құбыры» командасы марапатталды.

БӨЛІСУ