Ветеринариялық қызметкерлер күні мерекесіне орай аудан әкімінің орынбасары Ә.Байнахатовтың ветеринария саласы қызметкерлерін қабылдады. Қабылдауда сала мамандарын төл мерекемен құттықтап, білікті мамандар мен ардагерлерді облыс әкімінің және аудан әкімінің алғыс хаттарымен марапаттады.

«Еліміздегі «Эпизоотиялық жағдайдың саулығы және мал шаруашылығы өнімдерінің экспорттық әлеуетінің артуы адам өміріне қауіпсіз өнім өндіруді қамтамасыз ететін ветеринария жүйесімен тығыз байланысты. Жануарлар мен адамға ортақ жұқпалы аурулардың алдын алуда және оны емдеуде орасан зор бейнет ветеринар мамандардың қажырлы еңбектері екендігі белгілі.

Осыған орай, барлық ветеринария саласында қызмет атқарып жатқан мал дәрігерлерімен, ардагерлерді бірінші рет тойланғалы отырған төл мерекелерімен шын жүректен құттықтаймын.

Кеңестік гельминтология ғылымының негізін салған академик Константин Скрябиннің «Медицина – адамды, ал ветеринария – бүкіл адамзатты емдейді» деуі тегін емес. Ветеринария қызметіне берілген ең жоғары баға деп білемін»,-деді Ә.Байнахатов.

Қазақстанда 10 шілде – ветеринариялық қызметкер күні болып Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығымен кәсіби мерекелер тізіміне енгізілді. Бұл күні «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының бірінші заңы қабылданған. Аталған мерекенің айшықтап белгіленуі сала қызметкерлерін ынталандыруға және ветеринарияның еліміз үшін стратегиялық маңыздылығын айқындай түсті.

БӨЛІСУ