Бүгін Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Студенттер сарайында бітіруші студенттер мен магистранттарға диплом тапсыру рәсімі өтті. «Экономика және құқық» интитутының 221 бітіруші түлектеріне диплом табысталды. Университеттің Басқарма төрағасы-Ректор Бейбіткүл Сәрсемханқызы түлектерге ақ тілегін арнап, ақ жол тіледі.
Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетін 2023-2024 оқу жылының қорытындысы бойынша барлығы 2670 түлек бітіруде. Оның 2292 бакалавриат, 378 магистратура. Ал 256 студент үздік диплом иегерлері атанды.
Салтанатты шараға қатысқан Әділет департаментінің басшысы Ирина Бакишева,
«First Heartland Jusan Bank» АҚ-ның
Қызылорда филиалының директоры Цой Роман, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің Мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы Жасұлан Шынтасов және облыстық Еңбек мобильділігі орталығы жұмыспен қамту және кәсіпкерлікті қолдау бойынша мониторинг бөлімінің басшысы Абылай Самыратов,
жас мамандарға диплом табыстап, сәттілік тіледі.
Ата-аналар атынан «Мемлекеттік және жергілікті басқару» білім беру бағдарламасының
үздік түлегі Орынбасар Айжан Бекзатқызының анасы Анар Молдабекқызы және «Құқықтану» білім беру бағдарламасының үздік
түлегі Қалыбекова Айжан Бақытжанқызының анасы Алмагул Женісқызы сөз алып, ұстаздар қауымына алғысын білдірді.