Өндірістік аймақтарда еңбек қауіпсіздігі қаншалықты сақталған?

Соңғы екі жарым жылда Сырдария ауданында орналасқан мұнай компанияларының өндірістік аймақтарында жазатайым оқиғалардың салдарынан 21 адам қаза болған. Аудан прокуратурасы осындай қайғылы жағдайлардың алдын алып, алдағы уақытта жол бермеу үшін жедел мәжіліс өткізді.

Еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғалар кезінде зардап шеккендер саны азаяр емес. Сырдария ауданындағы өндірістік аймақтарда соңғы 2,5 жылда 21 адам қаза болса, 20 жұмысшы ауыр дене жарақатын алған.

ҒАЛЫМЖАН ДҮЙСЕНБАЕВ – АУДАН ПРОКУРОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ «2022ж. – 8, 2023ж. – 9, 2024ж. 5 айы – 4 адам. Ауыр дене жарақаттарымен медициналық ұйымдарға 20 адам жүгінген. 2022ж. – 5, 2023ж. – 11, 2024ж. 5 айы – 4 адам. Көбінесе «Нефт.тех.сервис», «саутс-ойл», «Бастау», «Әлем-ойл», «Бүркіт» «Диаскүзет»… өндірістік орындарында жазатайым оқиғалар салдарынан адам өлім деректері орын алған».

Мұнай компанияларында орын алған жазатайым жағдайларға өндіріс орындарының қашықта орналасуы басты себеп дейді, жауаптылар. Қызметкерлердің денсаулығы сыр беріп немесе жұмыс барысында орын алған келеңсіздік кезінде аудандық емханаға жету үшін 5-6 сағат уақыт кетеді екен.

«Бізге мүмкіншілік болса, мемлекет тарапынан сол жерге жедел-жәрдем стансасы керек. Егер полиция бөлімшесі ашылса, дежурный болса да жедел-жәрдем станциясы керек. Қаладан өйткені келмейді. Повороттан ғана күтіп ала алады. Реаниматолог мамандар керек. Жеке медициналық мекемелермен бәріміздің келісім-шартымыз бар. бірақ жанағыдай тәжірибелі адамдар, реанимациялық машиналар жоқ бізде. Қаладан енді келемін дегенше. Адамымыз кетіп қалып жатыр».

АСҚАР КЕМАЛОВ – АУДАН ПРОКУРОРЫ
«жалпы казіргі кезде талдау көрсеткендей, бұл жұмыс берушелер тарапынан әрбір жеке медициналық компаниялармен шарттарға отырған. Оның ішінде жеке медициналық сақтандыру жағдайларына да тиісті жауапкершіліктер болу керек. Енді ол жерде полиция пункттерін ашу, медицина пункттерін ашу қамтамасыз ету жөнінде мәселелер болды. Негізінде жұмыс беруші компаниялар қазіргі кезде өздері медициналық компанияялармен шартқа отырғаннан кейін, сол шарттың ішінде де белгілеп кету керек қой. Қандай мамандар керек реаниматолог, олардың қамтамасыз ету керек. Өкінішке қарай олар бұл сұраққа жауап бере алмай жатырда. Сондықтан бұл мәселенің шешілу жолдарын қарастырамыз».

Жазатайым жағдайлардың негізгі себептерін зерделеген құзыретті органдар мұнай компанияларының медициналық қауіпсіздіктерін қайта қарайтын болды.

БӨЛІСУ