Бүгін аудан әкімі Берік Сәрменбаевтың төрағалығымен аудан әкімдігінің отырысы өтіп, күн тәртібінде 3 мәселе қаралды.

Күн тәртібіндегі мәселелер қаралмас бұрын аудан басшысы кадрлық өзгерістерді таныстырып өтті. Сырдария ауданы әкімінің 2024 жылдың 17 маусымдағы №111 өкімімен Сырдария ауданы әкімі аппаратының басшысы лауазымына Ешниязов Нұржан Ерділдаұлы және 2024 жылғы 31 мамырдағы №100 өкіммен аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы лауазымына Қалдыбаева Анар Сраждинқызы тағайындалды. Сондай-ақ, ҚР Қорғаныс министрі бірінші орынбасарының 2024 жылғы 31 мамырдағы №63 бұйрығымен Сырдария аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөліміне Прназаров Жомарт Рахмедуллаұлы тағайындалды. Берік Әбдіғаппарұлы жаңадан тағайындалған басшыларға ауданда дамытудағы жаңа қызметтеріне сәттілік тіледі.

Әкімдік отырысында бірінші мәселе – ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері және бюджеттің игерілуі туралы аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Ерлан Ахетов хабарлама жасады. Бөлім басшысы 2024 жылдың 5 айындағы көрсеткіштерге тоқталды.

2024 жылдың қаңтар-мамыр айларындағы қорытындысы бойынша ауданның өнеркәсіп орындары қолданыстағы бағамен 39,5 млрд. теңгенің өнімін өндіріп, көрсеткіш 61,7 пайызға ұлғайған. Өңдеу өнеркәсібі 6,2 млрд. теңгеге, яғни 24,5 пайызға, ауыл, орман және балық шаруашылығының жалпы өнімі көлемі 3,1 млрд. теңгеге, яғни, 0,8 пайызға артқан. Бес айда аудан экономикасына 24,5 млрд. теңге негізгі капиталға инвестиция тартылып, көрсеткіш 25,5 пайызға, 7727 шаршы метрді құрайтын тұрғын үй салынып, көрсеткіш 19,7 пайызға, құрылыс жұмыстарының көлемі 4,8 млрд. теңгені құрап, көрсеткіш 66,6 пайызға және бөлшек сауда көлемі 1224,6 млн. теңгені құрап, көрсеткіш 2,3 пайызға өскен.

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев бюджеттің кірісін арттыру үшін шаралар қабылдау қажет екенін, бірінші кезекте, мемлекеттік шығыстардың ауқымын және оның тиімді жұмсалуын бақылауда ұстау керектігін атап көрсетті. Сондықтан ауданның әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері үнемі сапалы және мерзімінде орындалуы қажет. Нысаналы индикаторлардың толық орындалуына жауапкершілікпен қарап, нақты шаралар қабылдауды тапсырамын, – деді Берік Әбдіғаппарұлы.

Күн тәртібіндегі төрт түлікті түгендеу, олардың арасында қауіпті аурулар таралуының алдын алу туралы екінші мәселе бойынша аудандық ветеринариялық станса басшысы Нұрлыбек Дәулетбаев баяндады. Ал үшінші мәселе – аудан бойынша орман және жануарлар дүниесін қорғау бағытындағы атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде Сырдария орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекеменің директоры Болатбек Ұлтанбекұлы хабарлады.

Аудан әкімі сала басшыларына бұрын тіркелмеген ауыл шаруашылығы жануарларын тіркеуде нақты жұмыстар атқаруды және ауыл шаруашылығы мен үй жануарлары арасында қауіпті аурулардың алдын алу шараларын күшейтуді тапсырды. Сондай-ақ, жануарларларды қорғау, жаз айларында орман қоры жерлерінде өртті болдырмауға қатысты тапсырмалар жүктеді.

Бұдан бөлек, әкімдік отырысында аудан басшысы суға шомылу маусымында су айдындарындағы қауіпсіздікті қатаң бақылауда ұстап, рейд шараларын күшейтуді тапсырды.

Аудан экономикасына тікелей ықпал ететін ауданның өнеркәсіп орындары өткен жылы 75,2 млрд. теңгенің өнімін өндіріп, 2022 жылға қарағанда 32,8 пайызға ұлғайды. Оның ішінде, өңдеу өнеркәсібі 21,5 млрд. теңгені құрап, 12,1 пайызға өсті.

2023 жылы негізгі капиталға 65,5 млрд. теңгеинвестиция тартылып, өсім 40,4 пайызды құраса, 25 088 шаршы метрді құрайтын тұрғын үй салынып, құрылыс жұмыстарының көлемі 85,3 пайызға
(16,3 млрд. теңге) ұлғайды.

2023 жылы ауыл шаруашылығы саласы бойынша
27,4 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, 2022 жылмен салыстырғанда 2,9 пайызға артты.

Ауданда 36 043 гектарға (2022 жылы 33098 га, 2945 га артық) ауыл шаруашылығы дақылдары орналастырылса, оның ішінде, күріштің көлемі 23 811 гектар, жаздық бидай 1723 гектар, арпа 15 гектар, мақсары 180 гектар, күнбағыс 100 гектаржәне картоп, көкөніс, бақша дақылдары
1168 гектарды құрайды.

Егілген күріш дақылынан гектарына 59,8центнерден өнім алынып, барлығы 142 390 тонна астық жиналды.

Соңғы жылдары аймақта су тапшылығы мәселе тудырды. Осыған байланысты облыс әкімініңқолдауымен 2022 жылы шаруашылықтарға 37 насос, өткен жылы қосымша 12 насос алынды. Ауданда барлығы 74 насоспен егінге қажетті су жеткізілді.

Екі жылдың көлемінде аймақ басшысының тапсырмасымен азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында бақша дақылдарынегу жұмыстары жүргізілуде.

Ауданда 2022 жылы 210 гектар қосымша жер ашылып, 865 отбасы бақша дақылдарын ексе, 2023 жылы жер көлемі 359 гектарға дейін артып,1105 отбасы әлеуметтік маңызы бар картоп, көкөніс, бақша өнімдерін жинап алды (картоп – 200 га, көкөніс – 51 га, бақша дақылдары – 108 га). Бұл бағыттағы жұмыстар биыл да жалғасын табады.

Бақша дақылдарын егуде аудан жастары белсенділік танытуда. Алғашқы жылы Айдарлы, Шіркейлі ауылының жастар бригадасы 20 гектарғаегін ексе, былтыр Аманкелді, Жетікөл, Бесарық, А.Тоқмағамбетов елді мекендерінде жастар бригадалары құрылып, 60 гектарға бақша дақылдарын егіп, жемісін көрді.

Қазіргі таңда ауданда 2765 шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі жұмыс жасап тұр.

Жалпы, 2023 жылы мемлекеттік және өңірлік бағдарламалар аясында құны 4,9 млрд. теңгеніқұрайтын 454 жобаға қаржылай қолдау көрсетілді.

БӨЛІСУ