Skip to content

ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 24 МЫҢНАН АСТАМ ЖҰМЫСКЕРДІҢ ҚҰҚЫ ҚОРҒАЛДЫ

Жыл басынан бері мемлекеттік еңбек инспекторлары 24 мыңнан астам жұмыскердің құқығын қорғады.

2024 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 145 кәсіпорны 10,6 мың жұмыскерге 1,6 млрд теңгеден астам сомаға жалақы бойынша берешек екенін анықтады. Сонымен бірге түрлі ұйымдарда жүргізілген тексерулер барысында 4,2 мыңға жуық еңбек құқығының бұзылуы анықталды, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

Қабылданған шаралардың, оның ішінде жалақы бойынша берешекті өтеудің қатаң кестелері мен мерзімдерін белгілеудің нәтижесінде 8,9 мыңнан астам жұмыскердің құқықтары қорғалды. Оларға 895,6 млн теңге төленді.

Бұдан басқа, еңбек заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды қамтамасыз ету мәселелері ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ерекше бақылауында.

2024 жылғы 1 маусымдағы деректер бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары 2 954 тексеру жүргізді, оның барысында 4 197 бұзушылық анықталды, оның ішінде: еңбек саласында – 3 186; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша – 961; халықты жұмыспен қамту бойынша – 50.

Жұмыс берушілерге 1 760 ұйғарым беріліп, 234,4 млн теңге сомасына 2 311 әкімшілік айыппұл салынды. Қабылданған шаралардың нәтижесінде 15,4 мың жұмыскердің еңбек құқығы қорғалды.

БӨЛІСУ

Designed using Hoot Business. Powered by WordPress.