Облыс әкімінің орынбасары Ардақ Зебешевтің төрағалығымен сауда базарларын заманауи талапқа сай жаңғырту мәселесі бойынша мәжіліс өткізілді.

Жиында сауда базарларының жай күйі, жаңғырту барысындағы атқарылып жатқан жұмыстар мен құрылыс салу жұмыстарында туындаған кедергілер және екінші деңгейлі банктер арқылы қаржыландыру мәселелері қаралып, талқыланды.

Сауда базарларын жаңғырту жөніндегі жол картасы аясында
2025 жылдың аяғына дейін 3 сауда базары заманауи талапқа сай салынатын болады. Атап өтетін болсақ, «Сыбаға» ЖШС-і өз қаражаты есебінен «Сұлтан-2» базарындағы бастапқы құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізе бастады. Құрылыс алаңына құрылыс объектісінің паспорты бар маңдайша жазу орнатылды.

«Асбол» ЖШС-мен салынатын ғимараттың жұмыс жобасы мен жобалау сметалық құжаттамаларын дайындап, мемлекеттік сараптамаға өткізілді. Банк мақұлдаған жағдайда құрылыс жұмыстарын бастайтын болады.

Сонымен қатар, жақын арада Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігімен «Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шараларын ішкі сауда субъектілеріне көрсету» туралы қабылданатын қағидасына сәйкес несиенің пайыздық ставкасының 9% ішкі сауда субъектісі төлейді, ал айырмасын мемлекет субсидиялайды. Сондай ақ, 50 % мемлекеттік кепілдеме беріледі.

Алдағы уақытта осы қағида шеңберіндегі тиімді шарттар негізінде өңірдегі барлық базарларды жаңғырту жұмыстарын жүргізу ұсынылып, хаттамалық тапсырмалар қабылданды.

2025 жылдың аяғына дейін сауда базарларын жаңғырту жөніндегі жол картасына қаладағы «Талғат» базарын қосу жөнінде Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігіне ұсыныс берілетін болады. «Талғат» сауда базары эскиз жобасын әзірлеп, ұсынатындығын жеткізді. Бұл бағытағы жұмыстардың жүргізілуі тұрақты түрде бақылауда болып, ай сайын мәжілісте қаралатын болады.

БӨЛІСУ