Бүгін аудан әкімі Мейрамбек Шермағанбет белгіленген кестеге сәйкес тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Жалпы қабылдауға 20 – дан астам тұрғын келіп, өтініштері мен ұсыныс-пікірлерін жеткізді.
Қабылдауға келушілердің басым бөлігі тұрақты жұмысқа орналасу, тұрғын үй кезегі, көшелерді асфальттау мен жарықтандыру мәселелерін қозғады. Мұнан бөлек жер кезегі, әлеуметтік көмек сынды басқа да мәселелермен жүгінген тұрғындарда болды.
Аудан басшысы жұмыссыздық мәселесі бойынша мамандықтарға сәйкес сұраныс болған жағдайда бос жұмыс орындарына кезектілікпен жіберілетіндігін түсіндірді. Сондай-ақ, кейбір азаматтарға қоғамдық жұмыс арқылыда жұмыс жасауға мүмкіндік барын жеткізді.
Ал көшелерді асфальттау, жарықтандыру, жалпы инфрақұрылым жүргізу мәселелері бойынша реттілікпен бөлінген қаржыға сәйкес жүргізілетіндігін айтып, тиісті сала басшыларына тұрғындар тарапынан айтылған көшелерге зерделеу жұмыстарын жүргізуді тапсырды. Басқа мәселелер бойынша да заңдылықтарға сәйкес жұмыстар жасалатынын айтып, бұл бойынша жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді.