Бүгін аудан әкімінің орынбасары Дәурен Тлеумбетовтің төрағалығымен аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі аудандық комиссияның кезекті отырысы өтті.

Комиссияның күн тәртібінде бірінші мәселе – Қазалы қаласындағы №16 мектеп-лицей директоры Дархан Сәдуақасовтың ұсынысы қаралса, екінші аудандық көпбейінді орталық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Күншығар Әбілов кәмелетке толмағандарға психологиялық, медициналық көмектердің ұйымдастырылуы туралы баяндама жасады.

Баяндамашылардан кейін комиссия мүшелері күн тәртібінде қозғалған мәселелерді талқылап, оңтайлы шешімдер қабылдады. Сонымен қатар қаралған мәселелер бойынша өз ұсыныс-пікірлерін жеткізді.

Комиссия отырысын қорытындылаған Дәурен Оңғарбайұлы отырыста қаралған мәселелердің хаттамасын рәсімдеп, тиісті органдарға таратылуын тапсырады.

БӨЛІСУ