Оңтүстік өңірлерде егіс жұмыстары қарқынды жүруде. Бүгінгі күнге дейін 1,5 млн га алқапқа егін егілді. Ал, жаппай көктемгі дала жұмыстары осы жылдың мамыр айының екінші онкүндігінде басталады.
Облыс әкімдіктерінің деректері бойынша осы жылы жалпы 23,8 млн гектар егіс алқабы игеріледі.
Мемлекет басшысының ауыл шаруашылығы дақылдарын әртараптандыру жөніндегі тапсырмасына сәйкес бидай егіс алқабы өткен жылмен салыстырғанда 426 мың гектарға қысқарып, 13,3 млн гектарды құрады (2023 жылы – 13,7 млн га).
Сонымен қатар, майлы дақылдар алаңын 373 мың гектарға және жемшөп дақылдарын 66 мың гектарға ұлғайту жоспарланып отыр.
Сондай-ақ тапсырма аясында суды көп қажет ететін дақылдарды қысқарту бойынша жұмыс жүргізілуде, мақта алаңдарын 16 мың гектарға (116 мың гектардан 100 мың гектарға дейін), күрішті 12 мың гектарға (100,3 мың гектардан 88,3 мың гектарға дейін) азайту болжануда.
Дала жұмыстарын табысты жүргізудің негізгі факторларының бірі – минералдық тыңайтқыштарды енгізу.
Мемлекет басшысының тапсырмаларына сәйкес биылғы жылға арналған тыңайтқыз жоспары 1,5 млн тоннаны құрайды, оның 900 мың тоннасы отандық зауыттардың өніміне тиесілі.
Жалпы, бүгінгі таңда фермерлерге барлығы 453 мың тонна тыңайтқыш жөнелтілді, бұл 2024 жылға арналған жоспардың 30% ғана шамалас.
Ауыл шаруашылығы құрылымдарында егіс науқанын жүргізу үшін 150 мың трактор, өнімділігі жоғары егіс кешендерінің шамамен 5 мың бірлігі, 76 мың сепкіш, 219 мың топырақ өңдеу құралдары бар. Бүгінгі таңда өңірлердің ақпараты бойынша техниканың дайындығы 98% көлемінде, жаппай егіс жұмыстарының басталуына қарай бұл техника 100% дайын болады.
Айта кету керек, ағымдағы жылы көктемгі егіс жұмыстарын жеңілдікпен қаржыландыруға 580 млрд теңгені бағытталған. оның 400 млрд теңгесі қаржы институттарын тікелей субсидиялау тетігі бойынша жылдық таза 5%-пеншаруаларға несие беріледі.