Бүгін «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің иегері, Н.Бекежанов атындағы қазақ академиялық музыкалық драма театрының актері Баймаханов Ұғым Санақұлының «Өнердің дарабозы» атты шығармашылық кеші өтті.
Кеште облыстық мәдениет, архивтер және құжаттма басқармасының басшысы Қазбекова Мира Жомартқызы сөз сөйлеп, облыс әкімінің құттықтауын жеткізді. Қазақстан Театр қайраткерлері одағының төрағасы, профессор, Қазақстанның халық артисі Жаманқұлов Тұңғышбай Қадырұлы өнер иесінің шығармашылығына тоқталып, “Дара” төсбелгісімен марапаттады.
Ұғым Санақұлы өнердегі алғашқы қадамын хореграфиядан бастап, «Сыр сұлуы» ән-би ансамблінің бишісі болды. Кейін Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде актер мамандығы бойынша білім алып, сахнаға қадам басты.
Адам әркез өзінің туабітті бейімділігі мен ішкі динамикасына оралады. Ұғым Санақұлы да өзінің орнын жаңылмай тапқан тума талант.
Ұғым Санақұлы театр сахнасында 100-ге жуық спектакльдерге қатысып, оның 40-да сан қырлы, түрлі мінезді басты рольдерді сомдады.
Шығармашылық кеште өнер иесі ойнаған спектакльдерден үзінділер қойылып, облыстық филармония және театр әртістері өнер көрсетті.