Балаларға деген жобалардың жауапкершілігі жоғары болуы тиіс. Уақытылы, сапалы, жобаға сай орындалуы аймақ басшысының жіті назарында. Құрылыс жұмыстарының барысын тұрақты қадағалауы да сондықтан. Тіпті мереке күні, мезгілге қарамастан, ескертпестен барып құрылыс материалдарын, оның қалануын бақылауда ұстауы бұл нысандардың маңыздылығын айғақтаса керек. Себебі “Жайлы мектеп” атына сай бала үшін барынша жайлы, қауіпсіз болуы басты талап.
2024-05-12