Мемлекет тарапынан 2025 жылдың соңына дейін барлық әмбебап базарлардыжаңғырту туралы талап қойылды.

Осы тапсырманың аясында сауда базарларының жағдайымен танысу мақсатында өңірімізге Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігінің Сауда комитеті төрағасының орынбасары Жәутікбаев Ернұр Бөкенбайұлы жұмыс сапарымен Қызылорда облысына келді.Жұмыс сапары барысында қала аумағындағы 11 сауда базарының жай-күйімен танысып, жаңғырту барысын талқылады.

Сонымен қатар, Сауда комитеті төрағасының орынбасары Жәутікбаев Ернұр Бөкенбайұлының төрағалығымен сауда базарларын жаңғырту мәселелері бойынша мәжіліс өткізілді.

Мәжіліске тиісті мемлекеттік органдар, сауда базарларының иелері, қаржы ұйымдары, Кәсіпкерлер палатасы, қалалық мәслихат депутаты қатысты.
Мәжілісте базарға қойылатын өрт қауіпсіздігі, санитарлық талаптардың сақталуы, кассалық бақылау аппараттарының болуы, жаңғырту барысындағы құрылыс қауіпсіздігі туралы баяндамалары тыңдалды.

Сондай-ақ, сауда базарлары жұмысында туындаған кедергілер мен өзекті мәселелері қаралып, хаттамалық тапсырмалар қабылданды.

БӨЛІСУ