Егін егу барысы бойынша жұмысшы топ өкілдері Сырдария ауданына барды.

Облыс әкімі Н.М.Нәлібаевтың тапсырмасына сәйкес 2024 жылдың егісін суармалы сумен қамтамасыз ету және ауыспалы егіс тәртібінің сақталуын зерттеу мақсатында құрылған ақпараттық-жұмыс тобы Сырдария ауданындағы шаруашылық құрылымдарының егістік алқаптарын аралады.

Облыс әкімінің орынбасары Б.Жахановтың бекіткен іс-шарасына сәйкес ақпараттық – жұмысшы топ құрамында облыстың ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының орынбасары Е.Апетов (жұмыс тобының жетекшісі), облыстың жер ресурстарын басқару департаменті басшысының орынбасары Қ.Серікбаев, «Казсушар» РМК Қызылорда филиалының өкілі М.Әбдіқұлов, Жалағаш аудандық комиссия мүшелері, «Сырдариясушар» өндірістік учаскесінің су пайдалану бөлімінің басшысы және аудандық ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімінің басшысы, сала мамандары аралау жұмыстарын жүргізді.

Бүгін Бесарық, Қоғалыкөл, Шіркейлі және Н.Ілиясов ауылдық округтеріндегі шаруашылық құрылымдарының егін орналастыру жұмыстарымен танысты.

Ақпараттық – жұмысшы топ шаруашылық құрылымдардың егін орналастыру жұмыстарының барысында ауыспалы егіс тәртібінің сақталуына, әуеден дронмен танаптар бойынша бақылау жұмыстарын жүргізді.

Су тапшылығы орын алуы мүмкін екендігі жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, шаруашылық басшыларына ауыспалы егіс тәртібін қатаң түрде сақтау қажет екендігін ескертті.

БӨЛІСУ