Қызылорда облысы Полиция департаментінің қызметкерлері Ардагерлер кеңесімен бірлесіп, ардагерлерді құттықтады.

Сыр өңірінің тәртіп сақшылары 9 мамыр «Ұлы Жеңістің 79 жылдығына» және “7 мамыр – Отан қорғаушылар» күніне орай ардагер полицейлерді құттықтады. Тыл еңбеккерлері мен ҰОС ардагерлерінің жесірлері назардан тыс қалдырылмайды. Мереке қарсаңында полиция ведомствосының өкілдері және департаменттің Ардагерлер кеңес мүшелері Аяпова Жаншай, Абсадирова Аманкүл,Жұбаниязова Шаркуль апайларға, Мұхтаров Абдулла, Әлиев Төлеш ағайларға барып қайтты.
Мерекеге орай ішкі істер саласында қызмет етіп, құрметті зейнеткерлік демалысына шыққан ардагерлердің үйіне арнайы барып, мейрамдарымен құттықтап, сый – сияпаттарын табыстады. Өз кезегінде Қызылорда облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары полиция подполковнигі Омаров Оралбек Тәубақабылұлы ардагерлерді құттықтап , ізгі лебізін білдірді.
Осындай беделді ардагерлер иықтарына погон тағып, құқық қорғау қызметінің ыстығына күйіп, суығына тоңған білікті мамандар саналы ғұмырын ішкі істер саласына арнаған.
Қиын қызметтің ыстығы мен суығына төзген ардагерлер жас полиция қызметкерлерін кәсіптерінің шеберліктеріне үйретіп келеді. Ұрпаққа игілік пен ізгіліктің, пайым-парасаттың үлгісін танытқан ардагерлер Департамент басшылығына, Ардагерлер кеңесіне алғыстарын білдірді. «Бізді елеп, ескеріп, мейрамда құттықтап келгендеріңе, өз сый-сияпаттарыңды ала келгендеріңе алғысымыз шексіз. Ауыр қызметтеріңе тек қана табыс, өздеріңе шыдамдылық пен зор денсаулық тілейміз!» деп ақ баталарын берді.

БӨЛІСУ