Ұлы Жеңістің 79 жылдық мерекесінде аудан әкімі Мейрамбек Шермағанбет аудандағы соғыстың көзі тірі куәгері Әйтеке би кентінде тұратын Тілеуберген Тобаберген ақсақалдың шаңырағына арнайы барып, ардагерді мерекемен құттықтады.

Аудан басшысымен бірге зиялы қауым өкілдері отты жылдары кеудесін оққа тосқан батыр майдангердің ерлігіне бас иіп, ілтипат білдірді. Сондай-ақ, бұл құрмет бір күнмен шектеліп қалмайтынын, олардың ерлігі әрдайым дәріптелетінін жеткізді.

Аудан әкімі майдангерге қазақы дәстүрге сай иығына шапан жауып, арнайы сыйлықты табыс етті. Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрлігінің, облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың және аудан әкімінің арнайы мерекелік «Құттықтау хатын» табыстады.

БӨЛІСУ