Наурыз – ежелден тазару мен жаңару мейрамы.

Биылдан бастап Наурыз мейрамы жаңаша тойланып жатыр. Дегенмен, жаңаша дегенге қарағанда, дәстүрді жаңғырту десек, дұрысырақ болар еді. Себебі Наурыз тек 1 күн немесе 3 ғана аталып өтетін мереке болмаған. Мұны тарихи деректер мен этнографтардың жазбалары да растайды. Сонымен, 19 наурыз – жаңару күні.

Наурызнамаға енгізілген бұл атаулы күнді биыл ағаш егу дәстүрімен бастау ұсынылған болатын. Сонымен қатар, еліміздің әр түкпірінде түрлі шара өткізілуде.

Жалпы, Наурыз мерекесінде ағаш егу, үй-жайды тазарту, бұлақ көзін ашу сияқты жұмыстар атқарылғаны белгілі. Бұл – жаңа жылға, жаңа күнге жаңарып, тазарып қадам басу дегенді білдірген болса керек. Сонымен қатар, ескі-құсқы заттарды лақтырып, отпен аластау рәсімі де өткізілетін болған.

“Наурызнама” онкүндігіне сәйкес, 19 наурыз – Жаңару күні болып белгіленді. Бұл күні көктемгі ағаш отырғызу дәстүрі ұсынылды.
Осы мезгілде табиғат түрленіп, тіршілік қайта жанданады.
Наурыз мерекесі – тазалық пен еңбек мерекесі. Арық-атыздарды тазалап, тал–дарақтар отырғызу ежелден келе жатқан дәстүр.
Осы орайда, Жаңақорғанда «Жаңа көшеттер – жаңа идеялар – мемлекет дамуындағы жаңа кезең» ұранымен экологиялық акциясы өтті.

Акцияға Жаңақорған ауданының әкімі Мұрат Тлеумбетов, аудандық мәслихат төрағасы Ғалымжан Сопбеков, мекеме ұжымдары, аудан жастары мен аудан тұрғындары қатысты.

Аудан бойынша терек, қара тал, жеміс ағаштары, үйеңкі ағаштары сынды 2000 түп көшет егілді.

БӨЛІСУ