Биыл ауыл шаруашылығы саласына қаражат тарту үшін көп жұмыс атқарылады.
Төртінші мәселе – ол суармалы егіншіліктің әлеуетін толық пайдаланбау. Баланстағы 2,3 млн га суармалы жердің 1,5 млн га ғана пайдаланылады, ал су үнемдеу технологиялары қолданылатын 312 мың га алқап қана бар.
Бесінші мәселе – ол мал шаруашылығының төмен өнімділігі. Қазақстанда Ресейге қарағанда ірі қара малдың салмағы, оны сауу, жұмыртқа өндіру көрсеткіштері едәуір төмен. Мысалы, Қазақстанда 1 ірі қара малдан орташа есеппен 2395 кг сүт, ал Ресейде – 5134 кг өндіріледі. Нәтижесінде біздің өнімнің өзіндік құны жоғары.
Мемлекет басшысы ауыл шаруашылығы саласының уақытылы қаржыландырылмауы ең өзекті мәселе екенін айтқан. Бұл жоғарыда аталған көптеген мәселенің тамыры. Несие тапшылығына байланысты фермерлер тыңайтқыштар мен өсімдіктерді қорғау құралдарын жеткілікті мөлшерде пайдаланбайды, ескірген техникада жұмыс істейді. Бұл ауыл шаруашылығындағы тиімділік пен өнімділіктің төмендігіне әкеп соқтырады. Мәселені шешу үшін фермерлерді уақытында қолжетімді қайтарылатын қаражатпен қамтамасыз ету маңызды.
«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ағымдағы жылы салаға қаржыландыруды тарту бойынша үлкен жұмыс жүргізілетін болады. Бұл ретте бюджет қаражаты ғана емес, екінші деңгейлі банктердің капиталы да қолданылады. Нәтижесінде жыл сайын көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарына сомасы 1,5 трлн теңге жеңілдетілген кредит берілуі тиіс; ауыл шаруашылығы техникасын 8-10 %-ға жаңартуға 450 млрд теңге көлемінде жеңілдікпен лизинг берілуі тиіс; 800 млрд теңге инвестициялық жобаларды қаржыландыруға бағытталуы тиіс. Бүгінгі таңда қаржыландыру көздері пысықталуда. Мен бұл қаражаттың барлығы қайтарымды екенін атап өткім келеді, яғни біз фермерлердің қол жетімді несиелері бар екеніне көз жеткізу үшін жұмыс істеп жатырмыз», – деп атап өтті министр.
Қызылорда облысы ауыл шаруашылығы басқармасының ауыл шаруашылығы кооперациясы және экспорт бөлімінің басшысы Гүлмира Исабергенова экологиялық таза өнімді экспортқа шығару қажеттілігі бар екенін айтты.
“ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың “Cындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі” атты 2019 жылғы Қазақстан халқына Жолдауының “Дамыған агроөнеркәсіптік кешені” бесінші бағытында Агроөнеркәсіптік кешенің қарқынды дамыту бойынша ауыл шаруашылығы саласының маңыздылығы, органикалық және экологиялық таза өнім өндірісі және өңделген өнімді экспортқа шығару қажеттілігі айқындалып отыр.
Осы бағытта негізгі міндет ретінде экспорттық әлеуетті арттыру мен өткізу нарықтарын кеңейту болып белгіленіп, 2025 жылы өнделген өнімнің экспорт көлемін 2019 жылмен салыстырғанда екі есеге ұлғайту бойынша мақсат қойылған еді”, – дейді ол.
Қызылорда облысынан экспортталған барлық өнімнің 86 пайызын құрайтын облыстың негізгі дақылы – күріш өнімі. Ресей, Беларусь, Қырғызстан, Әзірбайжан, Өзбекстан, Тәжікстан, Украина, Түркіменстан, Грузия, Моңғолия және Ирак мемлекеттеріне 44 917,3 тонна күріш өнімі экспортталған.
Статистикаға сәйкес соңғы үш жылда (2020-2022 жж) агроөнімінің экспорты 137,4 млн долларды (331,5 мың тонна) құрады. Өңір негізінен күріш шаруашылығына бағытталғандықтан, экспорт көлемінің басым бөлігін 90 пайызға жуық күріш өнімі құрайды. Мысалы, 2022 жылы 48,8 млн долларға 100,5 мың тонна күріш өнімі әлемнің 14 мемлекетіне экспортталып, 2020 жылмен салыстырғанда 1,8 есеге артып отыр.
2023 жылдың 11 айында жалпы агроөнім экспорты 27,8 млн доллар (52,2 мың тонна) болды. Жалпы, экспорт көлемінің төмендеуіне күріш егісінің 2022 жылы су тапшылығы салдарынан 5 мың гектарға қысқаруы әсер етті, – дейді Қызылорда облысы ауыл шаруашылығы басқармасының ауыл шаруашылығы кооперациясы және экспорт бөлімінің басшысы Гүлмира Рахымжанқызы.
Сондай-ақ, Қызылорда облысынан Польша, Литва, Германия, Франция, Грузия, Әзірбайжан, Австрия, Нидерланды, Ресей, Қытай, Дания, Чехия және Румыния мемлекеттеріне 1960,3 тонна балық, Өзбекстан мемлекетіне 102 бас – 28,6 тонна мүйізді ірі қара, Германия, Дания, Нидерланды, Польша және Франция мемлекеттеріне 2212,1 тонна қамыс, Ресей және Өзбекстан мемлекетіне 310 тонна күріш қалдығы және Қытай мемлекетіне 198 тонна күнбағыс тұқымы, 325,7 тонна көкөніс және 178,5 тонна мақсары тұқымы және 227,6 тонна көкөністер, Ресей мемлекетіне 320 тонна қызанақ, 1436 тонна қарбыз, 115 тонна қауын экспортталыпты.