Облыстық кәсіпкерлер палатасының алаңында “Адами капиталды дамыту және бизнестің әлеуметтік саясаты” салалық кеңес жанындағы “Әлеуметтік кәсіпкерлер” кіші комитетінің кезекті отырысы өтті.
Кеңес аясында облыста әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту шаралары қаралып, алдағы жұмыстар талқыланды.
Облыста бүгінгі таңда әлеуметтік кәсіпкерлер реестріне 10 ақ кәсіпкер тіркелген, ал шын мәнінде бұл кәсіппен айналысып жүрген жандар жетерлік.
«Әлеуметтік кәсіпкерлер реестіріне 2023 жылдың аяғында ендім. Менің түсінгенім, әлеуметтік кәсіпкерлер санының реестрге тіркелуі мемлекет үшін аса маңызды. Оның үстіне тіркеуден өту жолдары да жеңіл. Ол үшін алдымен кәсіпкер болу шарт, сонан соң әлеуметтік осал топтағы адамдарды жұмысқа алу немесе оларға арналған өнім шығару керек, болмаса соларға қызмет түрлерін көрсету керек. Бар болғаны осы ғана. Әр әлеуметтік кәсіпкер өзінің қоғамға орасан зор пайда әкеліп отырғанын түсіну керек және осы ретте мемлекет те бізді қолдауға дайын. Мемлекет тарапынан әлеуметтік кәсіпкерлерге берілетін жеңілдіктер түрі көп, мысалы әлеуметтік кәсіпкерлерге арнайы гранттар бөлу жолдары қарастырылған, бұл грантты жеңіп алу мүмкіндігін арттырады. Тағы да барша әлеуметтік кәсіпкерлердің назарына айта кететін жайт 2 наурыз күні Студенттер сарайында «Мейірім» орталығының 3 жылдығына орай ауқымды «Workshop» өтеді. Онда республикалық және халықаралық деңгейде тәжірибесі мол мамандар мастер класс өткізетін болады. Егер сіз әлеуметтік кәсіпкерлікпен айналысып немесе ерекше бала тәрбиелеп отырсаңыз бұл шараның сіздерге берері мол болмақ. Әлеуметтік кәсіпкерліктің басқа бизнес түрлерінен ерекшелігі, біз бәсекелестікті білмейміз, себебі әр әлеуміттік кәсіпкердің қоғамға келтірер өз үлесі бар», – деді балаларға арналған «Мейірім» түзету-дамыту орталығының жетекшісі Дариха Әбілдаева