Қаланың өнеркәсіп кәсіпорындары 2023 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында 533 034млн. теңгенің өнеркәсіп тауарларын өндіріп, өнім көлемі өткен жылдың салыстырмалы кезеңімен 91,3пайызды құрады.

Кен өндіру өнеркәсібінде 417 203 млн. теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылдың салыстырмалы кезеңімен 89,5 пайызды құрады. Бұл жалпы өнеркәсіп өнімінің 78,3 пайызын құрады. Есепті мерзімде 2 793,4 мың тонна мұнай өндіріліп, өткен жылдың салыстырмалы кезеңімен 90,1 пайызды құрады. Табиғи газ өндіру 359,8 млн. текше метрді құрап, өткен жылдың салыстырмалы кезеңімен 101,8пайызды құрады.

Өңдеу өнеркәсібінің өнім көлемі 82 972 млн. теңгені құрап, өткен жылдың салыстырмалы кезеңімен 106,1 пайызды құрады.

Есепті мерзімде резеңке және пластмасса бұйымдарын өндіру 82,7 пайызды, мұнай өңдеу өнімдерін өндіру 103,0 пайызға, машина жасау саласы 119,5 пайызға артып, тамақ өнімдерін өндіру 98,2пайызды құрады.

Электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптау саласында өнім көлемі 28 767,7 млн. теңгені құрап, өткен жылдың салыстырмалы кезеңімен 94,2пайызды құрады. Есепті мерзімде 1 084,3 млн. квт сағ электр энергиясы және 417,8 мың гкал жылу энергиясы өндіріліп, өткен жылдың салыстырмалы кезеңінен тисінше 85,6 пайызды және 109,1 пайызды құрады.

Сумен жабдықтау саласында 18 164,9 мың текше метр табиғи су өндіріліп, өткен жылмен салыстырғанда 88,2 пайызды құрады.

Ауыл шаруашылығы. Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі
2023 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында 15 500,6млн. теңгені құрап, өнімнің нақты көлемінің индексі өткен жылдың салыстырмалы кезеңімен 114,6пайызды құрады.

Мал шаруашылығы. 2023 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында меншіктің барлық нысандары бойынша 29 063 бас ірі қара мал, оның ішінде   18 228бас сиыр, 13 288 бас жылқы, 2 839 бас түйе, 32 484бас қой мен ешкі, 15 051 құс өсірілуде, өткен жылдың салыстырмалы кезеңімен ірі қара мал 103,8 пайызға, сиыр 105,6 пайызға, жылқы 108,1 пайызға, түйе 104,8пайызға, қой мен ешкі басы 108,4 пайызға, құс 102,1пайызға артты.

Есепті мерзімде  1 862,6 тонна ет (тірідей салмақпен), 4 301,3 тонна сүт,
629,7 мың дана жұмыртқа өндіріліп, өткен жылдың салыстырмалы кезеңінен ет өндіру 104,0 пайызға, жұмыртқа өндіру 100,5 пайызға артып, сүт өндіру 100,3 пайызды құрады.

Егін шаруашылығы. Қызылорда қаласына қарасты ауыл шаруашылығы құрылымының барлық нысандарында 2023 жылы барлығы 9 036 гектарға ауыл шаруашылық дақылдарын орналастыру жоспарланып, 9 079 гектарға орналастырылды.

Оның ішінде, негізгі дақыл күріш 4136 гектар, бидай
119 гектар, қант құмайы (сорго)75 гектар, көкөніс 1331 гектар, картоп              500 гектар, бақша 990гектар, жаңа жоңышқа 249 гектарға егілсе, ескі жоңышқа 1679 гектарды құрады.

Шаруашылық құрылымдары бойынша мал азықтық жоңышқа шөбін дайындауда 1928 гектар жоңышқадан
6 772 тонна шөп жиналды.

Қазіргі таңда, картоп, көкөніс, бақша дақылдарын жинау жұмыстары жүргізілуде. Бүнгінгі күні, картоптың
500 гектарынан (100%) 125,0 центнер, көкөністің
1331 гектарынан (100%) 135,8 центнер, бақшаның
990 гектарынан (100%) 136,7 центнер өнім жиналды.

Жинау науқанына 24 дана жатка, 39 дана комбайн,
91 дана трактор, 22 дана трактор тіркемесі мен 5 дана жүк көлігі қатысуда.

Қызылорда қаласы бойынша мал азығын дайындау және егін жинау жұмыстарына 379 тонна (2022 жылы 279 тонна) дизель отынына gosagro.kz веб-порталына өтінім жинақталып, жеткізіп беруші оператор ретінде                   «РК-Мұнай»ЖШС және «Жібек Жолы LTD» ЖШС бекітілді. (Тамыз айына дизель отынының қоры 180 тонна, бүгінгі күнге сатып алынғаны 75 тонна).

Бүгінгі күні, ауыл шаруашылығы құрылымдарының қажеттілігіне сәйкес, дизель отынын жеткізіп беруші операторлары арқылы алуда.

Күріш дақылының суын байлау жұмыстары толығымен аяқталды.

Бүгінгі күнге 3421 гектар ораққа түсіп (82,7%), 2790 гектары бастырылды. Орта өнім 50,0 центнерді құрауда.

Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша тұрғын үй сатып алуға республикалық бюджеттен 80маманға 414,0 млн. теңге қаржы бөлініп, бүгінгі күнге 207 млн. (40 маманға) теңге кредит берілді.

Көтерме жәрдемақыға 110 маманға 37,9 млн. теңге қаржы бөлініп, бүгінгі күнге 71 маманға 24,5 млн. теңге көтерме жәрдемақы берілді.

Негізгі капиталға инвестиция салу 2023 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында меншіктің барлық нысанындағы кәсіпорындар мен ұйымдар негізгі капиталға 194 903 млн. теңгенің күрделі қаржысын салып, өткен жылдың салыстырмалы кезеңімен 123,4 пайызды құрады.

Қаржының 9 223,5 млн. теңгесі (4,7%) республикалық бюджет,       50 224,2 млн. теңгесі (25,8%) жергілікті бюджет, 102 721,9 млн. теңгесі (53,0%) жеке қаражаты, 28 446,4 млн. теңгесі (14,5%) қарыз қаражаты есебінен игерілді.

Құрылыс жұмыстарының көлемі 69 210,4 млн. теңгені құрап, өткен жылдың салыстырмалы кезеңімен 111,2 пайызды құрады.

Қаржыландырудың барлық көздері есебінен 2023 жылдың 1 қарашасына жалпы ауданы 392 529 шаршы метр, оның ішінде мемлекеттік меншік қаражаты есебінен 8 258 шаршы метр, халық қаражаты есебінен 374 446 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл өткен жылдың салыстырмалы кезеңімен 123,1пайызды құрады.  

Жыл басынан бері 4 көпқабатты 16 171 шаршы метрлі тұрғын үй пайдалануға берілді. Оның ішіндемемлекеттік қаражат есебінен:

Сырдарияның сол жағалауында 4 403 шаршы метрді құрайтын 50 пәтерлік көпқабатты тұрғын үй
СПМК-70 ауданындағы №2 тұрғын кварталындағы 3 855 шаршы метрді құрайтын 50 пәтерлік көпқабатты тұрғын үй

Жеке инвесторлар есебінен:

Тасбөгет кентінде 3806 шаршы метрді құрайтын 53 пәтерлік көпқабатты тұрғын үй
Сырдария шағын ауданында 4 100 шаршы метрді құрайтын 42 пәтерлік тұрғын үй

2023 жылы қалада барлығы 28 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Облыстық бюджеттен барлығы 18 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысына 11 139,0 млн. теңге бөлінді. Оның ішінде:

Сырдария өзенінің сол жағалауында 7 қабатты 84 пәтерлі
6 тұрғын үй салуға 5 746,0 млн. теңге;
Сырдария өзенінің сол жағалауында №2-ші шағын ауданына
470 пәтерлі 10 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысына 5 365,5млн.тг;  
Қызылорда қаласының СПМК – 70 ауданындағы № 2 тұрғын кварталында 50 пәтерлі № 8 тұрғын үйдің құрылысын аяқтауға 27,5 млн.теңге;

Жеке инвесторлар қаражаты есебінен 35 мың шаршы метрлі 450 пәтерлік  11 көпқабатты тұрғын үй құрылысы жүргізілуде:

БӨЛІСУ