Ағымдағы жылы экономикалық тұрғыдан алғанда Шиелі ауданында тұрақты жағдай қалыптасты.
Кірістер бойынша: Жыл басында аудандық бюджет несиелерді қоса есептегенде 10 млрд 754 млн теңге көлемінде бекітілді. Оның ішінде, аудандық бюджеттің өз кірісі 4 млрд 291 млн теңге.
2023 жылдың 1 қарашаға түзетілген бюджет несиелерді қоса есептегенде 14 млрд 563 млн теңгекөлемінде бекітілді. (Жыл басынан бекітілген бюджетпен түзетілген бюджет арасындағы айырма 3 млрд 809 млн теңге)
Аудандық бюджеттің кірісі 2023 жылдың 1 қарашаға болжамдалған 11 млрд. 97 млн. 979 мыңтеңгенің орнына 11 млрд. 578 млн. 423 мың. теңгеге немесе 104,3 пайызға, оның ішінде аудандық бюджеттің өз кірісі болжамдалған 3 млрд. 756 млн. 549 мың.теңгенің орнына 4 млрд. 237 млн. 2 мың теңге болып 112,8 пайызға орындалды.
Өнеркәсіп өнімін өндіру.
Ауданның өнеркәсіп өнімдерін өндіруші мекемелері мен кәсіпорындары ағымдағы жылдың 10 айында 63млрд. 292 млн. теңгенің өнеркәсіп өнімдерін өндірді, 2022 жылдың осы кезеңінің салыстырмалы бағасымен алғанда 118,4 пайызды құрады.
Өңдеу өнеркәсібі өнімі көлемі 30 млрд 420 млн. теңгеге жетіп, 149,7 пайызды құрады.
Негізгі капиталға салынған инвестицияның көлемі
34 млрд. 239 млн теңгені құрады немесе 2022 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 172,3 пайызды құрады.
Жалпы құрылыс жұмыстарының көлемі 11млрд. 426 млн теңге болып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 164,0 пайызды құрады.
Жеке тұрғын үй құрылысы жалпы ауданы 59 396шаршы метрді құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 107,5 пайызды құрады.
Бөлшек сауда көлемі 10 млрд. 219 млн теңге болып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 108,2 пайызды құрады.
Ауылшаруашылық саласы.
Аудан бойынша ауылшаруашылығы құрылымдары 40 млрд. 599 млн. теңгенің өнімін өндірді, былтырғы жылдың осы кезеңінің салыстырмалы бағасымен алғанда 100,5 пайызды құрады.
Мал шаруашылығы
2023 жылдың 1 қарашаға ірі қара 93220 басты, уақ мал 138883 басты, жылқы 24633 басты, түйе 1705басты, құс 30079 басты құрап, тиісті кезеңмен салыстырғанда ірі-қара 104,4 уақ мал 108,0, жылқы 107,3, түйе 103,0 пайызды құрады.
Шағын кәсіпкерлік.
2023 жылдың 1 қарашаға ауданда тіркелген шағын және орта кәсіпкерліктің саны 7313 субъектіге жетіп, тиісті кезеңмен салыстырғанда 116,7 пайызды құрады. (жеке кәсіпкер-4543, шаруа қожалық-2198, заңды тұлға-572) Оның ішіндегі жұмыс жасап тұрған кәсіпкерлердің саны 7032–ні құрап, жұмыс жасап тұрған кәсіпкерлердің үлесі 96,2 % -ға жетті.
Әлеуметтік сала.
Статистикалық мәліметтерге сәйкес аудан бойынша статистикалық мәліметтерге сәйкес 36213экономикалық белсенді халықтың 34406 адамы жұмыспен қамтылған. Жұмыссыздар саны 1807 адам, жалпы жұмыссыздық деңгейі 5,0 пайызды құрайды.
2023 жылы 3096 жаңа жұмыс орындарын құру жоспарланып, есепті мерзімге 3034 жаңа жұмыс орны ашылды немесе жылдық жоспар 98,0 пайызға орындалды.