Шиелі аудандық  білім бөлімінің қызметкерлерінің қатысуымен медициналық әлеуметтік сақтандыру жүйесіне байланысты түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Жиналысқа білім бөлімінің басшысы Жібек Орынбайқызы және аудандық көпбейінді орталық ауруханасының бас дәрігері Алмас Әбдіғаппарұлы қатысып, Шиелі ауданының халқын міндетті медициналық сақтандыру жүйесіне тарту қарқынды жүргізілуде екендігі бойынша хабарлама жасады.
Өз сөзінде басшы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың мақсаты – азаматтардың денсаулығын қорғау болып саналатынын айтты. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың жүйесі – ол халықтың денсаулығын қорғау аясындағы мүдделерінің әлеуметтік қорғаудың мемлекеттік жүйесі.
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйеге қатысушыларға уақытылы, қолжетімді, сапалы медициналық және дәрі-дәрмек көмегін қамтамасыз ету керектігін айтып, жиналған азаматтардың сұрақ- ұсыныстарын тыңдады.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) – әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының активтері есебінен медициналық қызметтерді тұтынушыларға медициналық көмек көрсету жөніндегі құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық шаралар кешені.

МӘМС жүйесінде медициналық көмекке құқылы – «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» ҚР Заңының 28-бабының 7-тармағына сәйкес қорға аударымдар және (немесе) жарналар төленген, сондай-ақ Қорға жарналар төлеуден босатылған тұлғалар.

МӘМС принциптеріне негізделеді:

1) Қазақстан Республикасының МӘМС туралы заңнамасын сақтау және орындау;

2) аударымдарды және (немесе) жарналарды төлеу міндеттілігі;

3) мемлекеттің, жұмыс берушілер мен азаматтардың ортақ жауапкершілігі;

4) көрсетілетін медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасы;

5) қор активтерін тек МӘМС жүйесінде медициналық көмек көрсетуге ғана пайдалану;

6) қор қызметінің жариялылығы.

МӘМС жүйесінің қатысушылары:

1) төлеушілер;

2) медициналық қызметтерді тұтынушылар;

3) денсаулық сақтау субъектілері;

4) уәкілетті орган;

5) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі;

6) қор;

7) Мемлекеттік корпорация;

8) өзге де уәкілетті органдар.

МӘМС жүйесіндегі төлеушілер

1. Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын шетелдік заңды тұлғаларды, сондай-ақ осы Заңның 6-тарауында белгіленген тәртіппен қорға аударымдар мен жарналарды есептейтін (ұстап қалатын) және аударатын шетелдік заңды тұлғалардың филиалдарын, өкілдіктерін қоса алғанда, жұмыс берушілер аударымдарды төлеушілер болып табылады.

2. Жарна төлеушілер болып табылады:

1) мемлекет;

2) әскери қызметшілерді, құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлерін қоспағанда, қызметкерлер, оның ішінде мемлекеттік және азаматтық қызметшілер;

3) жеке кәсіпкерлер;

4) жеке практикамен айналысатын адамдар;

5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес салық агентімен жасасқан азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс алатын жеке тұлғалар (бұдан әрі – азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс алатын жеке тұлғалар);

6) жарналарды өз бетінше төлейтін адамдар, оның ішінде Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге кеткен Қазақстан Республикасының азаматтары (бұдан әрі-азаматтар) – азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс алатын қызметкерлерді, жеке тұлғаларды, бірыңғай жиынтық төлем төлеушілерді, жұмыс істеп жүрген дара кәсіпкерлерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен Қазақстан Республикасының азаматтарын және Қазақстан Республикасында аударымдарды және (немесе) жарналарды төлеу жүзеге асырылатын азаматтарды қоспағанда;

      7) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 774-бабына сәйкес бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер болып табылатын жеке тұлғалар.

            Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын адамдарды және оралмандарды қоспағанда, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар жарналарды төлеушілер болып табылмайды.

            ММС жүйесіндегі медициналық қызметтерді тұтынушылар:

      1) уақтылы және сапалы медициналық көмек алу;

      2) осы Заңға сәйкес медициналық ұйымды таңдау.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ (Ресми сайт fms.kz)

 

      Қор жалғыз құрылтайшысы және акционері Қазақстан Республикасының Үкіметі болып табылатын акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанындағы коммерциялық емес ұйым болып табылады.

      Қордың активтері:

     1) аударымдарды және (немесе) жарналарды төлеу мерзімін өткізіп алғаны үшін алынған аударымдарды, жарналарды, өсімпұлды, қордың қызметін қамтамасыз етуге арналған комиссиялық сыйақыны шегергендегі инвестициялық табысты;

     2) Қорға Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де түсімдер есебі арқылы қалыптасады.

      Қордың активтері Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде ашылған шоттарға орналастырылады

       Қордың активтері тек қана мынадай мақсаттар үшін пайдаланылуы мүмкін:

1) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсету бойынша денсаулық сақтау субъектілерінің қызметтеріне ақы төлеу;

2) тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын қаржы құралдарына орналастыруды;

3) аударымдардың және (немесе) жарналардың артық төленген сомаларын, өзге де қате есептелген қаражатты қайтару.

БӨЛІСУ