2024 жылғы маусымаралық кезеңде өңірлік ӘКК-де тауарлық интервенцияларға арналған көкөністер қоры қалыптасты.

Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылдың басынан бастап ӘКК жұмыс тәсілін өзгерткен болатын – мысалы, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді форвардтық қаржыландыру бойынша жаңа тәсілдер енгізілді. Олар күзгі және ерте көкөністерді (картоп, пияз, сәбіз, қырыққабат) маусымаралық және бағаның өсуі кезеңінде белгіленген бағамен жеткізу үшін форвардтық шарттың жалпы сомасының 70% аванс бере отырып, шаруаларды алдын ала қаржыландыру (бір жыл бұрын) көзделген.

Бұдан басқа, өнімді сату басталғанға дейін АШТӨ-де өнімді сақтау шарттары айқындалып, өткізу нүктелерін және (немесе) сауда объектілерін көрсете отырып, көкөністерді жеткізу кестесін қалыптастыру. Сондай-ақ, өңдеу кәсіпорындарын форвардтық қаржыландыру шеңберінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының (қарақұмық жармасы, күріш, күнбағыс майы, ұн және қант) тізімі кеңейтілді. Сауда желілеріне бөлінетін қаражаттың негізгі көлемін құю практикасынан кету мақсатында бюджет қаражатының 70% АШТӨ мен қайта өңдеу кәсіпорындарын қаржыландыруға бағыттау бойынша міндетті шарт белгіленді.

Жалпы, АӨК субъектілерін жеңілдікпен қаржыландыру өнімнің өзіндік құнын төмендетеді, нәтижесінде бұл соңғы өнімнің бағасына әсер етеді.

Айта кетейік, бүгінгі таңда ішкі нарыққа реттеуші әсер ету үшін 2024 жылғы маусымаралық кезеңде ӘКК-ден ағымдағы жылдың күзгі егіннің қоры 181,8 мың тонна көлемінде қалыптастырылды, оның ішінде 102,6 мың тонна картоп, 28,3 мың тонна пияз, 22,3 мың тонна қырыққабат, 28,6 мың тонна сәбіз.

Өңірде тұрақтандыру қорында тауарларды сақтауға арналған жалпы сиымдылығы 5250 тонналық 2 қойма бар. Сиымдылығы 3250 тоннаны құрайтын қойма 2011 жылы ал көкөніс сақтау қоймасы 2020 жылы пайдалануға берілген.

Қазіргі таңда өңірде азық-түлік қорында тапшылық жоқ. 37 әлеуметтік дүкен қалыпты жұмыс істеуде. Тұрақтандыру қорын 2023 жылғы күзгі көкөніс тауарларымен қамтамасыз үшін форвардтық шарттар шеңберінде 1545 тонна картопқа, 800 тонна басты пиязға, 446 тонна сәбізге келісім шарттар жасалған. Қазіргі уақытта 800 тонна басты пияз және 33 тонна картоп қоймада сақтаулы. Қалған тауарлар сұранысқа сәйкес жеткізілмек. Бұған қоса, «КазСевер Агро» ЖШС-мен 1400 тонна картоп, 231 тонна сәбіз, 200 тонна қырыққабат, «Ынтымақ-10» шаруа қожалығымен 200 тонна қырыққабат сатып алуға келісім шарт жасалған.
«Қазіргі таңда тұрақтандыру қорында әлеумттік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің 10 түрінің қоры жеткілікті түрде қоймада сақтаулы. Ең бастысы, бағасы килограмына 128 теңгені құрайтын ұнның 75 тоннасы резервте тұр. Қосымша «Қазақ ұны» ЖШС-нен 4760 тонна 1 сортты ұн сатып алуға келісім шарт жасалып, оның 1610 тоннасы жеткізілген», – деді «Байқоңыр» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы басқармасының бас маманы Қанат Тәжкенбаев.

Әлеуметтік маңызды тауарлармен қамтамасыз етудің жай-күйін електен өткізген мониторингтік топ өкілдері тұрақтандыру қорының өнімдері тұрғындарға тиімді бағада ұсынылуы қажеттігін айтып, нарықтағы азық-түлік өнімдерінің бағасын тұрақтандыру бағытындағы шаралар үнемі «AMANAT» партияcының бақылауда болатындығын жеткізді.

БӨЛІСУ