«Ұлттық рухани жаңғыру» бағдарламасының «Бәсекелік қабілет» бағыты негізінде И. Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық жоғары колледжінде «Еңбек өнімділігі мен құндылығын арттыру, еңбекқор ұлтты тәрбиелеу» тақырыбында студенттермен кездесу өтті. Кездесуге ауылшаруашылығы ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессоры Ыбырай Жақаев атындағы Қазақ күріш шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты ЖШС басқарма төрағасы Қосанов Самалбек Оразбекұлы, «Қоғамдық келісім» КММ директоры орынбасары, философия докторы (PhD) Омаров Дәулет Кәрібайұлы, аграрлық техникалық жоғары колледж арнайы пәндер оқытушылары Жүнісова Несібелі, Талпақова Ұлжалғас, «Агрономия» мамандығының студенттері қатысты.

Кездесу барысында ауылшаруашылығы ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессоры Ыбырай Жақаев атындағы Қазақ күріш шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты ЖШС басқарма төрағасы Қосанов Самалбек студенттерге ауылшаруашылық өнімдерін өндіру және бизнес жолдары туралы дәріс оқыды. Дәріс кезінде аймағымыздан шыққан «Еңбек Ері» атағын алған меценат-кәсіпкер, «Таң ЛТД» ЖШС директоры Имамзада Шағыртаев жайлы оның ішінде ауыл шаруашылығында өнімді еңбек жолында табысқа жеткені және оның ауылы да, шаруасы да көпшілікке үлгі болып отырғаны айтылды. Сонымен қатар, «Абзал және К» Тұңғыш Президент: қолынан республикалық «Алтын сапа» сыйлығының «Азық-түлік/ауылшаруашылық өнімін шығаратын үздік кәсіпорын» номинациясын иеленгені, осының бәрі еңбектің арқасы екені айтылды.
Кездесу барысында сала маманына студенттер сұрақ қойып, пікір алмасты.

БӨЛІСУ