«AMANAT» партиясы облыстық филиалы жанындағы Партиялық бақылау комиссиясы мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл жөніндегі кеңестің бірлескен көшпелі отырысы Жалағаш ауданында өтті.
Жиынға облыстық партия филиалы жанындағы Партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Нұркен Бақытбекұлы, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл жөніндегі кеңестің төрағасы Мақсұт Нәлібаев, облыстық партиялық бақылау комиссиясының инспекторы Базара Танбаева, Қармақшы, Сырдария, Жалағаш ауданы әкімінің орынбасарлары мен аудан прокурорының орынбасарлары қатысты.
Отырыстың күн тәртібінде Партиялық бақылау бекеттерінің жұмысы мен оны бақылауды ұйымдастыру және ішкі партиялық тәртіпті нығайту туралы есептер, партияның 2023-2027 жылдарға арналған Сайлауалды бағдарламасының орындалу барысындағы құрылыс саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі шаралардың жай-күйі мен Сайлауалды бағдарламаны облыс бойынша іске асырудың Жол картасының орындалу барысы талқыланды.
Аудандар бойынша құрылыс саласындағы қызметкерлер арасынан сыбайлас жемқорлықтың құқық бұзушылық фактісі туралы аудандық прокуратурасы прокурорының орынбасарлары айтып өтті. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу бағыты бойынша бірқатар ұсыныстар айтылып, пікірлер тыңдалды.