Қызылорда облысы бойынша Департамент мамандарынан құралған арнайы жұмысшы топ, Статистика саласында жарияланатын мәліметтердің әдістемелік нұсқаулықтарын түсіндіру мақсатында «Статистикалық көрсеткіштердің қалыптастырылуы және Мемлекеттік статистика туралы заңының өзгерістері» тақырыбында 2023 жылдың қараша айының 22 күні ауданы әкімдігінің мәжіліс залында Шиелі ауданының әкімінің орынбасары Алмат Алдабергеновтың төрағалығымен семинар – кеңес ұйымдастырылды.

Семинар кеңеске Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі, Ұлттық статистика бюросы, Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Рысмаханова С.Ж, Еңбек, тұрмыс деңгейі, әлеуметтік және демографиялық статистика бөлімінің басшысы К.Снасапова, Қызмет көрсету статистикасы бөлімінің басшысы А.Досжанова, Сауда статистикасы бөлімінің басшысы Г.Ыдырысқызы, Өнеркәсіп және қоршаған орта статистикасы бөлімінің бас маманы Г.Аяшова, Тіркелімдер және ақпараттық пайдаланушылармен жұмыс бөлімінің бас маманы А.Науанова, бөлім басшылары мен жауапты мамандары және аудандық статистика бөлімі басшысы А.Қожамжарова, Шиелі ауданының ауылдық және кенттік округ әкімдері мен жауапты мамандары, Шиелі аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау, қаржы бөлімі басшысы мен мамандары, Шиелі ауданының білім бөлімінің жауапты есепші мамандары мен мектеп есепшілері қатыстырылды .
Шиелі ауданының әкімінің орынбасары Алмат Алдабергенов семинарды ашып, жүргізді.

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі, Ұлттық статистика бюросы, Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары С. Рысмаханова «Статистикалық көрсеткіштердің қалыптастыруы» және «Мемлекеттік статистика туралы» заңының өзгерістері тақырыбында баяндама жасады.
Семинарда департаменттің «респонденттер мен әкімшілік дереккөздерге қатысты бақылау бөлімінің басшысы М. Сағынбаева « Мемлекеттік статистика туралы » ҚР Заңының талаптары, «Әкімшілік дереккөздерге және респонденттерге қатысты жүргізілетін мемлекеттік бақылау тәртібіне» енгізілетін өзгерістер жобасы туралы айтып берді.
Әр шаруашылық бойынша есепке алуды жүргізу және тіркеу жазбаларын жүргізуді ұйымдастыру нысандарының тәртібін түсіндіру бойынша «тіркелімдер және статистикалық ақпаратты пайдаланушылармен жұмыс бөлімінің» бас маманы Науанова Акмарал Турганбаевна ауылдық және кент округ әкімдері мен жауапты мамандарына әкімшілік деректерді енгізу, қалыптастыру туралы мағлұматтар берді
Снасапова Күлайхан Жұмашовна Кез келген мемлекеттің мінездемесі оның халқының санынан басталады, Шиелі ауданы халқының саны, туу көрсеткіші бойынша оң динамика байқалады. Аудандағы көші-қон мәліметтері де халық санына өз әсерін тигізуде.

Демографиялық көрсеткіштермен қатар, еңбек нарығы және еңбек ақы төлеу мәліметтері жайлы да кеңінен түсіндіріп өтті.

БӨЛІСУ