Облыс әкімі Н.Нәлібаевтың қолдауымен аймақ көлемінде “Үлгілі елді мекен” облыстық конкурсының ІІ кезеңі өткізілуде. Өткен аптада тәуелсіз сарапшылардан құралған комиссия құрама конкурсқа қатысушы барлық аудан орталықтары мен ауылдарды аралап, соңғы уақытта атқарылған жұмыстарға шолу жасаған болатын. Бүгін Серік Дүйсенбаевтың төрағалығымен конкурстың қорытынды отырысы өтті.

Конкурстың мақсаты елді мекендерді жаңғырту мен оларды санитарлық тазалықта ұстау және елді мекен келбетін көркейту болып табылады. Тәуелсіз сарапшылар құрамы жүлдеге лайықты үздік шыққан аудан орталықтары мен ауылдарды анықтады.

Ендігі кезекте облыс әкімі Нұрлыбек Машбекұлының қатысуымен облыстық деңгейде конкурстың қорытындысы бойынша үздік шыққандар марапатталып, жеңімпаздарға арнайы коммуналдық техникалар табысталатын болады.

БӨЛІСУ