Қызылорда облысының Қоғамдық кеңесінің төрағасы Ә. Хожбановтың төрағалығымен облыстық қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. Отырысқа облыстық Қоғамдық кеңес мүшелері, облыстық салалық басқарма басшылары, ауыл шаруашылығы саласына жауапты аудан әкімдері орынбасарлары мен зерделеу жұмыстары жүргізілген ауыл әкімдері, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатысты.

Жиын басында бірқатар Қоғамдық кеңес мүшелеріне 25-ші қазан – Республика күні мерекесіне орай Қазақстан Республикасының Мәдениет және Ақпарат министрлігінің арнайы Алғыс хаттары табысталды.
Отырыстың күн тәртібіне сәйкес облыстық Қоғамдық кеңестің мүшесі Е. Өмірсеріков «Ауылдық аумақтарды дамыту, мемлекеттік қолдау бағдарламалары аясында тұрақты жұмыс орындарын ашу, ауыл шаруашылығы инвесторлары жұмысының тиімділігін арттыру арқылы әлеуметтік мәселелерін шешуге ықпал ету жолдары» туралы баяндама жасап, қатысушылардың бірқатар сұрақтарына жауап берді.
Сонымен қатар облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары Қ. Сәрсенбаев басқарма тарапынан атқарылып жатқан жұмыстар туралы хабарлама жасап, қоғамдық кеңес мүшелері тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.
Қаралған мәселе бойынша ауылдарды дамыту үшін мемлекет тарапынан бөлініп жатқан қаражаттарды тиімді жұмсау, ауылға инвестор тарту, өнімді өңдеп, оны нарыққа шығару жолдарын іздестіру, көкөніс және бақша дақылдары егісін көбейту, жалпы ауылдықтардың тұрмысын жақсарту барысында ұсыныс-пікірлер айтылды.
Айта кететін жайт қазіргі жағдайда құрылтайшылармен үлескерлер арасындағы келіспеушілік жағдайларын реттестіру мақсатында, ауыл инвесторларының жауаптылығын арттыру үшін тиісті заңдарға өзгерістер енгізу қажеттігі баса айтылды.
Жиын қорытындысында Қоғамдық кеңес мүшелері айтылған ұсыныстар мен пікірлерді хаттама жасап, заңға өзгерістер енуін талап ете отырып, Парламент депутаттарына ұсыныс беруге ұйғарымға келді.
Қаралған мәселе бойынша нақты ұсыныстар облыс әкімдігі мен тиісті мекемелерге де жолданады.

БӨЛІСУ