«Құқықтық тәртіп» іс – шараның екі күнінде 363 әкімшілік хаттама рәсімделді.
Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жол-көлік оқиғаларын болдырмау, жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу деректерінің алдын алу мақсатында республика көлемінде «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде.
Алдын алу іс-шарасын өткізу қалалық Полиция басқармасының барлық жеке құрамы күшейтілген қызмет түріне ауыстырылды, түнгі уақытта патрульдік полиция нарядтары күшейтілген.
Полиция қызметкерлерімен іс-шараның екі күнінде 363 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды.
Көлікті мас күйінде басқарған 1 жүргізуші, көлік құралын басқару құқығынан айырылса да қайтадан рульге отырған 2 жүргізуші, көлік құралын құжатсыз басқарғаны үшін 13 жүргізуші, сақтандыру полиссіз 49 жүргізушіге әкімішілік шара қолданылды.
Ал, кәмелетке толмаған балалардың түнгі уақытта тұрғын үйден тыс жерде болуына жол бергені үшін 40 ата-ана, Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу және (немесе) оған білім беру, оның құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді орындамаудың 6 дерегі анықталды.
Жұмылдырылған полиция қызметкерлері мен автоэкипаждар қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша жұмысты жалғастыруда және қаланың барлық аумағында қылмыстардың жолын кесу мақсатында кешенді іс-шаралар жүргізуде.