Бүгін «AMANAT» партиясы облыстық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде облыстық мәслихаттағы депутаттық фракция мүшесі Шаймағамбетов Әмірбек Бердібекұлы жеке қабылдауын өткізді.

Қабылдауға қатысқан тұрғындар тарапынан жылжымайтын мүлік сату барысындағы мәселелер, ішкі істер органдарының қызметкерлеріне қарастырылған жеңілдіктер, кәсіпкерлікті дамытудағы мемлекеттік бағдарламалар және отбасылық зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша қолданыстағы заңнамаларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу тақырыптары қозғалды.

Қабылдау барысында фракция мүшесі жер дауы бойынша тұрғынның мәселесін тыңдай келе, қалалық жер қатынастары бөлімі басшылығымен хабарласып, азаматты жеке қабылдап, мәселесін шешу туралы ұсыныс білдірді.

ҚР «Құқық қорғау органдары туралы» Заңына сәйкес ішкі істер органдарының қызметкерлеріне көрсетілетін жеңілдіктер айтылды, атап айтқанда, тұрғын үй қорынан баспанамен қамтамасыз ету, баспананы жалдап отқан қызметкерлерге ай сайынғы өтемақы төленуі сынды жеңілдіктер бойынша түсіндірме жүргізілді. Баспанамен қамтамасыз ету мәселесі бойынша қалалық тұрғын үй инспекциясы басшылығымен сөйлесіп, пәтер алу, тіркелу мәселелері бойынша кеңестер берілді.

Кәсіпкерлік бастамаларға қолдау білдіру туралы ұсынысқа мемлекет тарапынан атқарылып жатқан шаралар айтылып, сала бойынша бағдарламалар түсіндірілді.

Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша ұсыныстар талқыланып, нормативтік-құқықтық актілерге өзгерістер енгізу, заң бойынша жауапкершілікті арттыру мүмкіндіктері қаралатынын жеткізді.

БӨЛІСУ