21-22 қараша күндері Ә. Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасында Қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық үлгісін насихаттауға, Этномедиация бағытындағы даулы мәселелерді шешуді оңтайландыруға арналған облыстық семинар-тренинг өткізілді.

Біліктілігін арттыруға Қызылорда қаласы мен облысқа қарасты аудандардан, әртүрлі сала мамандары, кәсіби, қоғамдық медиаторлар, «Қоғамдық келісім» КММ қызметкерлері, барлығы 30 адам қатысты.
Семинар-тренинг барысында этномедиацияның негіздері, оның ішінде медиацияның принциптері мен құралдары, жанжалдарға тән ерекшеліктері, әртүрлі этникалық топтардың қатысуымен жанжалды анықтайтын негізгі себептер мен катализаторлар, қақтығыстар мобилизациясы, медиатордың этносаралық қатынастардағы қызметі және этномедиацияның практикалық технологиялары қарастырылды. Сонымен қатар, қатысушылар этносаралық қатынастардағы медиацияның нормативтік-құқықтық базасымен және мәдениетаралық дамудың негізгі қағидаттары мен перспективаларымен танысты.
Қатысушыларға арнайы тренингке қатысқандығы туралы сертификат табысталды. Семинар курс интерактивті жұмыс әдістерін қолдана отырып өткізілді. Қатысушылар пікірталастарға белсенді қатысты, сұрақтарға жауап берді, пікір, тәжірибелерімен бөлісті.

БӨЛІСУ