Қазақстандағы БҰҰ Даму бағдарламасының (БҰҰДБ) Тұрақты өкілімен кездесу өтті.

Облыс әкімі аппаратының басшысы Шахмардан Байманов Қызылорда облысына жұмыс сапарымен келген Қазақстандағы БҰҰ Даму бағдарламасының тұрақты өкілінің орынбасары Сухроб Ходжиматовпен кездесті.
Кездесу барысында өңірде ішкі саясат, мемлекеттік жастар, отбасы демографиялық саясаты, дін саласында қабылданып жатқан шаралардың, жүзеге асырылған жобалардың барысы туралы талқыланды.
Алдағы уақытта әріптестік байланыста Қызылорда облысы әкімдігімен Қазақстандағы БҰҰ Даму бағдарламасы аясында жүзеге асырылатын жобалар пысықталды.

2023 жылдың 23 қараша күні дөңгелек үстел өтеді. Дөңгелек үстелге ҚР Мәдениет және ақпарат, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктерінің, Қызылорда және Маңғыстау облысы әкімдіктерінің, Қазақстандағы БҰҰ-ы, азаматтық қоғам ұйымдарының өкілдерінің қатысады.

БӨЛІСУ