Шиелі ауданы әкімінің орынбасары Ерсұлтан Апетовтың төрағалығымен Шиелі ауданы әкімдігінің мәжіліс залында төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссиясының кезекті отырысы өткізілді.

Күн тәртібінде келесі мәселелер қаралды:
1. “2023-2024 жылдардағы су тасқынының алдын алу шаралары жайлы”;
2. “Қыс жағдайындағы қауіпсіздікті сақтау шаралары туралы”;

Жиналыс қорытындысымен хаттама рәсімделіп тиісті мекемелерге тапсырмалар берілді.

Сонымен қатар 2023 жылғы 23-24 қараша күндері өткізілетін “Қыс-2023” Республикалық командалық-штабтық оқу жаттығуын өткізу бойынша азаматтық құрылымдарының басшыларына тиісті тапсырмалар беріліп, оқу- жаттығуға дайындық шараларын жүргізу бойынша тапсырмалар берілді.

БӨЛІСУ