Аудан әкімі Серік Сермағамбетов кезектілік тәртібімен жазылған азаматтарды қабылдап, оларды толғандырған мәселелерін, ұсыныс-пікірлерін тыңдады. Бүгінгі жеке қабылдауға 6 адам келді.

Тұрғындардың басым бөлігі тұрғын үй алу, жұмысқа орналасу, денсаулық саласы және өзге де мәселелерді көтерді.
Аудан басшысы азаматтар көтерген түйткілді мәселелерді тиісті мамандар жіті зерттейтінін, шешімі заң талаптарына сәйкес қарастырылатынын жеткізді. Кейбір сұрақтар бойынша жауапты тұлғалар сол жерде заң аясында түсіндірме беріп, шешу жолдарын ұсынды.
Мұнан бөлек, Серік Сағитжанұлы өтініш айтып келген пәтер жалдап тұратын тұрғындардың мәселелерін зерттеп тексеруді және баспаналы болуына қолдау көрсетуді қала әкіміне тапсырды.

Айта кетейік, тұрғындар аудан әкімінің қабылдауына е-otinish бірыңғай базасы немесе әкімдікке келіп жазбаша өтініш тастау арқылы жазыла алады.

БӨЛІСУ