Биылғы жылдың 14 қарашасында қалалық мәслихаттың кезектен тыс 10-шы сессиясы өтті.

Сессия барысында «2023-2025 жылдарға арналған кент және ауылдық округтердің бюджеттері туралы» Қызылорда қалалық мәслихатының 2022 жылғы 28 желтоқсандағы шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы;
Қызылорда қаласы бойынша халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы;
«Қызылорда қалалық мәслихатының аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің штат саны мен құрылымын бекіту туралы» мәселелер қаралып, тиісті шешімдер қабылданды.
Сессияның күн тәртібіндегі мәселелерге байланысты қалалық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Г.Баймаханова, қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Ж.Файзуллаев хабарлама жасап, сұрақтарға жауап берді.
Сессияға қала әкімінің орынбасарлары, аппарат басшысы, құқық қорғау органдары, дербес бөлімдер мен мекеме басшылары, кент және ауылдық округтердің әкімдері, қоғамдық ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

БӨЛІСУ