Облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының жанындағы Ақпараттық түсіндіру тобы Қызылордадағы ҚР Ұлттық ұланның 5547 әскери бөлімінде кездесу өткізді.
Кездесуге «Қоғамдық келісім» КММ директорының орынбасары, Философия докторы (РһD) Дәулет Омаров, әскери бөлімнің тәрбие бөлімі басшысының аға көмекшісі Тұрсынбай Акпаров, ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Асылбек Ербошаев және әскери бөлім қызметкерлері қатысты.
Топ мүшелері мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан – Адал азамат» деген басты қағидатын негізге ала отырып, дамудың даңғыл жолына түсудегі тұрақтылықтың маңыздылығына тоқталып өтті. Сонымен бірге, елдегі бірлік пен татулыққа мән беріп, оны өмірлік ұстанымы етіп, іс жүзінде жүзеге асыра білген халық қана бейбітшілік пен бірлікте ғұмыр кешетіндігі туралы кеңінен тарқатып айтты.
«Қоғамдық келісім» КММ директорының орынбасары, Философия докторы (РһD) Дәулет Омаров өңіріндегі Қазақстан халқы ассамблеясының құрылымдары Ақсақалдар мен Аналар кеңесі, Ассамблея жастары, Журналистер клубы, ғылыми-сарапшылық тобы, медиаторлар кеңесі, еріктілер мен ақпараттық түсіндіру тобы, Кәсіпкерлер қауымдастығының жүргізіп жатқан жұмыстары туралы айтты. Ел бірлігін бекемдеп, қазақ халқының мәдениетін, мемлекеттік тілді меңгеруге басым мән беретін этномәдени бірлестіктердің қоғамдық, мәдени жұмыстарына да тоқталып өтті.
-Абай атамыздың басты арманы әділетті қоғам құру болатын. Ал, Президентіміз Қ.Тоқаевтың əділетті қоғам құру мақсатымен үндескен реформалары Абай атамыздың арманының бірден- бір орындалу сатысы деп білемін, – деді Дәулет Кәрібайұлы.
Кездесуде қатысушылар тарапынан әскери қызметтегілердің әлеуметтік жағдайларын жақсарту, жалақы көтеру, баспана мәселелеріне байланысты ұсыныстар айтылды. Айтылған мәселелер қатталып, тиісті орындарға жеткізілетін болады.

 

БӨЛІСУ