Аудан әкімі аппаратының мәжіліс залында облыстық статистика департаменті қызметкерлерінің қатысуымен семинар-кеңес болып өтті. Семинар-кеңесті аудан әкімінің орынбасары Ерқосаев Жұлдызхан Байназарұлы жүргізіп отырды.

Отырыста облыстық статистика департаментінің жауапты қызметкерлері баяндама жасап, ауданның даму жоспарын жасақтау, ауданға қаржы бөлу және болжамдар жасау, статистикалық есептіліктерді тапсыру және нәтижелерін шығару жұмыстары барысында туындайтын мәселелер жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Кеңестің қорытынды сөзінде Жұлдызхан Байназарұлы аудан әкімдігі жұмыстарының басым көпшілігі статистикалық көрсеткіштерге байланысты бағаланатындығын айтып, негізгі салалар бойынша аудан көрсеткіштерінің 100 пайызды қамтып отырғандығын, бұл жұмыстарда статистика саласы қызметкерлерінің жүйелі жұмысының нәтижесі екендігін атап айтты. Статистикалық есептілікті тапсырудың оңтайлы жолдарын қарастырып, алдағы атқарылатын жұмыстарды жоспарлау мақсатында ұйымдастырылған семинар-кеңесте түсіндірме жұмыстарын жүргізген департамент қызметкерлеріне алғысын білдірді.

БӨЛІСУ