Аудан әкімі Жандос Еркінбекұлы ауданның қаржы саласында сан жылдар қызмет еткен сала ардагерлері мен мамандарына мерекелік қабылдау жасады. Қабылдауға келген қаржы саласы қызметкерлерін төл теңгенің 30 жылдығымен және кәсіби мерекемен құттықтап, ауданның дамуына қосқан үлестері үшін алғыс білдірді.

«1993 жылдың 15 қарашасында төл теңгеміз айналымға шықты. Ұлттық валюта енгізіліп қана қоймай, еліміздің барлық қаржылық жүйесін бекітуге күш салынды, мұның бәрі тәуелсіздігімізді одан әрі бекемдеді. Бұл шаруаларды тыңғылықты етудегі қаржы саласы қызметкерлерінің үлесі зор. Бүгінгі күні аудан бюджетінің кірістер мен шығыстар жоспары толық орындалып отыр.
Биылғы жылдың қорытындысымен де жақсы көрсеткіштерге қол жеткіземіз деген сенімдемін. Осы қаржының уақытылы бюджетке кірістеліп, мақсатты игерілуі жолындағы Сіздердің еңбектеріңіз ерекше», – деді аудан басшысы.

Іс-шарада ауданның қаржы және экономика салаларында еңбек еткен ардагерлер мен сала мамандарына “Қармақшы ауданына 95 жыл” мерекелік медалі мен облыс әкімі, аудан әкімдерінің алғыс хаттары табысталды.

2022 жылы аудан бюджетінің өз кірістері 1,6 млрд. теңге болса, биыл 2,0 млрд. теңге болып, бұрын соңды болмаған көрсеткішке жетті. Соның әсерінен ауданымыздың қаржы саласы қарқынды дамып, жыл сайын аудан бюджеті артып келеді.

БӨЛІСУ